4.ҚАЙДА ЖҮРСЕҢ АМАН БОЛ

әңгіме

(Жалғасы)

- Как уақыт бар? Көргің келмей ме сонда мені? (Баяғыша өкпелей бастады)

- .............................. (Қап, құдай-ай, енді қайттім, ә?!!)

- Жа-а-ан... диім... саға-а-ан... умоляю пожа-а-алуйста...

- Әу........ ................... (Гүл енді жүрегімде "Қара жорғаны" қойып, "Лезгинка" билеуге көшті)

- Көз тірімізде бір кездесейік те...

- .........................................(менде үн жоқ)

- Баха дейім, көзтірімізде бір кездесейік те д е й і м... Ну, енді жас емеспіз ғой... чисто-символично... слыш... м е н   с е н і   к ө р г і м   к е л е д і і і . . . (Өстіп бөліп-бөліп, мәнерлеп, созые-е-еп әндете айтты. Гүлдің сөздері жүрегіме "местный наркоз" беріп, жан жарамды ауыртпай, аялай емдеп жатқандай сезілді)

- Мені "көргісі келген", "құшақта-а-ап тұрып сүйгісі келген" жаным! Сенің махаббатың "өлтіретін шығар" мені...)

- Ыыің... (тағы да бөпедей еркеледі, менің сөздерім де Гүлге майдай жақты-ау)

- Еркелеген жаным...

- Жанымның жартысы... (Меруерт Түсіпбаева құсап сыбырлай сөйледі)

- Сен де... ("Как будьто" жер мен көктің арасында Гүл екеуміз ғанамыз, басқа ешкім жоқ)

- Баха, сен менің дәл қасымда тұрған сияқтысың...

- Ал мен сенімен құшақтасып тұрғандаймын... (Расында солай тұғын, тұла бойым ғашық отына өртеніп, срочно пожарный шақырмаса өшпейтіндей халде еді)

Өстіп Гүл екеуміз бар дүниені ұмытып, балқып-шалқып тұрғанда сырттан братишка айқайлады: "Бақыт, клиент кеп тұр!" Пожарный шақырмай-ақ келді-ау деп ойладым ішімнен. "Күте тұрсын, каз... барам." Қап, кәйіпті ұшырды-ау.

Гүл де мына жақтан қабаттасып телефоннан сөйлеп жатыр:

- Баха, не болды, келіншегің кеп қалды ма не?

- Жо-о-оқ, клиенттер ғой.

- Ааа... қорқып кетсемші Гүл (келіншегім) біліп қойды ма деп. Біліп қоймасын, біліп қойса лапа кончится сразу. Өзім әзер тапқанда... (Терең күрсінді)

- Гүл, әңгімені кешке агентте жалғасақ қайтеді?

- Асығып тұрсың ба не?

- Жоқ енді...

- Келетін болдың ба?

- Барам ғой...

- Қ а ш а а а н ?!! (Еркелей созые-е-еп айтты)

- Оны енді агентте ақылдасайық та.

- Смотри, келмесең өкпелейім. Ладно жан... тебе не буду мешать, целую, пока.

- Жақсы...

- Целую десеңші)

- Целую!)

- Өй, заны... пока! (Трубкадан "шүк" еткен дыбыс естілді, Алла Пугачеваның "Я тебя поцеловала ммм...ма" дейтініндей воздушный поцелуй ғой)

- Пока! (Гүлге қарай "шүк" еткізіп, мен де біреуін жібердім воздушный поцелуйдің)

                                                              *******

"Дәрібаевтар" ансамблінің "Неге сүйдім, не үшін сүйдім, Сол бір кезде мен сені" деген өлеңі менің мипалау-махаббат мұңымды дөп басқан ән. Енді мен де "Шәрәпилер" ансамблін құрып "Неге іздедім, неге таптым, Интернеттен Гүл сені" деген ән шығарғым келіп жүр. Гүлді іздеймін деп өте қиын ситуацияға тап болдым. Өзіме де обал жоқ! "Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да", тағы да, тағы да, тағы да, тағы да, тағы да, тағы да... Тоқтамай сүйе бер! А я м а ! "Жылы тәтті у тарасын қаныма!" Мен осы нәпсіқұмар емеспін бе, Мағжан ата?!! Былайша айтқанда қыз-қырқым қуалау "жылы тәтті у тараған" қанымда жоқ! "Бар-жоғы менде бір жүрек!" Бір жүрек Гүлді сүйді! Бір жүректі Гүл де сүйді...

Не "қуып" кеттім мен?!! Келіншегі бола тұра басқаға аңсары ауған сасық теке емеспін дегім келген ғой сонда... Іыым... Пәлсафа...? Аристотель, Фараби, Шәрәпи что ли? Пәлсафаң да өзіңе, сасық текең де өзіңе! Агент қайда, Гүл қайда ойбай? Жайымен кеп компқа отырдым. Басқа ешнәрсе қызық емес, зауқым жоқ. Кешке агентке Гүл кірем деген...

- Привет, Баха!

- Қалайсың Гүл жаным!

- Как ты, все в норме?

- Клёва!) Смайлик «kiss» (Екеуміз телефонмен сөйлескеннен кейінгі көңіл-күйіміз шынында "клёва" еді)

- Баха, заны... мен сені бұрынғыдан да қатты сағына бастадым, Смайлик «kiss» не істейім?

- Ай, жаным-ай... (Күрсіндім)

- Баха дейім, мені қай кезден бастап жақсы көрдің?

- Сен ше? (Шынында Гүлді қай кезден бастап сүйіп қалдым мен?)

- Сен 9-класқа жаңадан келдің ғой, сол кезде жақсы көріп қалғам (Біртүрлі "ұялған" смайлик)

- Ұялған жаным, мен де сені сол кезден бастап сүйіп қалғам (Бірақ әлі есіме түспей тұр, жарайды ол не важно, өзімше туғаннан бері сүйген сияқтымын)

Жалғасы бар...

                                                                                                                                                                                Ердос Қоныс (Бақыт Шәрәпи )