Болған оқиғаның ізімен

         Теміржол көпірінің асты да судан көлкіп жатады.Қармақ саламыз.Тапа нан,құрбақа ілеміз қармаққа.Құрбақаға жақсы қабады. Су келгенде сужылан да көп болады.Небір  ірісі болады екен оларды.Николайскии стансының ғимратының артында өріп жүреді.Күнгей бетінде қоғадай жапырылып күнге қыздырынып жатады.Белсебетпен ортасынан бір кесіп өтеді,ересек балалар,дөңгелегіне құрығанда 5-6 -уы оратылып қалады.Еріккен кісілер олардың аузына арақ құяды,вагон лавкі келгенде.Мас болады ,жыландар.   

        Аунайды,тіп -тіке тұрып ап,қайқаңдап «жүреді» Билейді.Қызық, енді әртүрлі қылық шығарады.Аяқтары аппақ болады.Шалқасынан жатқанда жарқырап көрінеді. Білмеймін рас өтірігін «Жыланнның аяғы көрген адам бақытсыз болады» деп еститінбіз. Бірақ біздің ауылдың балалары оны күнде көріп өсті...

        Сол жылы күзде әдеттегідей су тартылды.Балықтар оқпан шұқырларда қалып қояды .Жұрт соны аулайды.Қалғанын қарға құзғын шағала тасып кетеді.Майда шабақтар жер тезек боп сасып жатады.. .

      Бірде теміржолда «стрельщик» боп жұмыс істейтін ағамның артынан тамақ апарғам .Көпірдің астында тас құдық бар,соның суы төмен түсіп алдында балалар қармақпен «қырғын балық ауладық»деп жүрген.Сол құдықтың қасында бізге жезде боп келетін ,Пайызбай деген кісі жүр екен.Амандастым:

  -Кілең жалқау! Мына қара балық деген,мына жерде қайнап жатыр!Ешкімнің қаперіне кіріп шықсай? Кел әне ,көрдің бе? - деп ол өзеуреп берді.    

        Қарадым.Көрдім.Шынымен балық «қайнап» жатқан сияқты лай су шылп - шылп етіп,бірдеңелер аударылып төңкеріліп жатыр.

-О,біздің балдыз батыр,кәне түс!Лақтыр сыртқа бәрін! Мақтау өтіп кетті ме,шынымен балыққа қарық боп қалам -дедім бе,қойдым да кеттім тасқұдыққа. Былқ еттті жұм-жұмсақ бірдеңе.Ішіндегі су кеудемнен келді.Қолыма бірдеңе тигендей...сазан ба деп қалдым. Сыртқа лақтырмақ боп көтере берсем, жылан!!!

       Тұла бойым дір етті.Құйқа тамырым шымырлап,арқамда бір топ құмырсқа жорғалап бара жатқандай.Сөйтсем құдық тола жылан.Бірі аяғымды орап екіншісі қолыма оратылып,қолтығыма кіріп...мойныма, иығыма шығып...орап ап қысады кеп...тіпте қапқара жуан жыланның көзімен көзім ұстасып қалғандай от көрдім, екі айрық тілін сумаң -сумаң еткізіп,тұмсығымның астын жалап өтті.Құдық іші әбден сасыған құрттаған бөгіп.

        Батпағы ма,суы ма мұздай,әлде жыландар ма,денеме тиген жерін мұз секілді қарып барады.Шыңғырып жатырмын ,бірақ даусым шықпайтын секілді.Жоғарыға қараймын .Жездем шыр айналып бірдеңе деп,бірдеңені құдыққа қарай салбаратады кеп, ұстайын дейм бірақ ол да сапсары жып жылтыр жылан сияқты.Мойныма оратылған қара жылан тынысымды тарылтып, тұншықтырып барады.Аузымды ашып ауа жұтайын десем иығыма шыққан жылан аузыма кіріп кетердей, ысылдайды.Аяқта жан жоқ.Қолым ербеңдеп ілінген жыланды жұлып,жұлып тастаймын кеп. Білектей,білектей сары ала көкшіл,қарала,ақшыл небір бір түрі болатынын сонда көрдім жыланның. Майдасы болса да «дыз,дыз» еткізеді дірдек қаққан денемді.... Білмеймін бір сағат өтті ме,бір күн өтті жыланның ордасында арпалысқаныма...Көзімді ашсам май шам жанып тұр,үйдемін.Денем қозғалтпайды.Май жағып орап тастаған-ау шамасы.У дай ашып жатыр.

 -Құдай сақтап қалды,балаңды Базаркүл-ау,жылама ,Торша кемпірдің даусы.

 -Ана есерсоқ келуге беті жоқ қораны айналып жүр үш күн болды,қайтесің қарғап,ол да біреудің жалғызы ғой. Шүкір шошынғаны басылды,енді көзін ашса ыстық сүт бер ағарған бере бер -деп жатыр. Көзімді жұмсам жыландар мойныма қайта оралатындай...

  

       Жеткер  Жүсіп