ЖЕТКЕР ЖҮСІП

Болған оқиға ізімен...

         "Көбек"деген разез бар Шойын жолға тіреліп тұр.Сол жерде Еркіннің әжесі бар. Каникулға шыққаны былай тұрсын ,әр демалыс сайын ол сол жаққа құстай ұшуға асық...

   Қыстың бір демалысында ол сөйтті.Әжесіне қолқабыс болды. Арасында ойнап,сырғанақ тепті.Ай дегенмен екі күн зу етіп өте шықты . Бір жаманы қайту машақат.Разезге пойыз тоқтамайды .Тек алдынан қарсы пойыз келе жатса ғана 2-3 минутқа аялдамаса.Сондықтан жексенбінің түсі ауа бастағаннан "қайтар киіммен"дайын жүресің.

- Еркін!Әне светофор сары жанып тұр,бір пойыз келе жатыр,тоқтайды  тез жүгір - деді көрші бала ,Олжас досы... Жолаушы пойыз бұл жерге тоқтай қалғанның өзінде есігін ашпайды .Құдайына қараған біреуі болмаса.Өзбек жол серіктер жақсы, ашады, бергеніңді қанағат тұтады. Ал,қазақ жол серіктер?Рабайда біреуі ашар ашса. Ашқанның өзінде мына тұрған Қазалыға олар аузын қоса «ашады» Екі ара сонда небары 2 сағатқа жетер жетпес...

- Еркін жүгір тоқтайын деп келе жатыр! Ол жалма жан бидонға сүт құып берем деп күйбеңдеп жүрген әжесіне:

- Жақсы әже ,көріскенше-деуге ғана шамасы келді Ештеңеге қарамастан ,апыл-құпыл тоқтамақ болған жолаушы пойызға қарай ор қоянша орғи жөнелді.

- Құлыншағым-ай,қап!Тамағында ішпей...Әжесінің жүрегі езіліп кетті .Барды да ол 13 вагонның есігіне жармасты.Есікті қаға бергенде білді. Қолбағы пеш мойнында қап кеткенін. Тырмысып тұтқасын бір қолымен ұстап,бір қолымен мұз торлаған вагонның есігін тағы да ұра бастады.О,ашты!Бетон бетті,қазақ екен:

 - Аға,ертең сабақ.Ал кетіңізші деді оған.

 - Ой,күшік!Бұл "СП"деген вагон,кет әрі түс!-деп есігін тарс жапты ол.Еркін басқа жақты жағалап жүгірмек боп,түсуге оқталғанда,пойыз орнынан қозғалып кеті.Селк ете қалды. Ол аяқ асты не істерін білмей сасқалақтап тұрғанда пойыз жылдамдығын күрт тездете жөнелді. "Қарғу керек ! "" Жүріп бара жатқан пойыздан қарғығанда артқа қарай қарғысаң екі бүктеп астына алып ұрады,не болғанда алға қарғу керек!"деген бір кісінің әңгімесі есіне түсті."Сөйтейін"деп еді,Бірақ кешікті.Жүрдек пойыз жүрісін құйындатты қармен қоса боратып,есікті ұрғып жатыр.Белгі жоқ.Әрі беріден соң баспен де соқты .Болмады.Тарс- тұрс, сықыр-күтір вагонның салдыр гүлдірі оған"қоя ғой,әуре болма!"дегендей сарт сұртын үдете түсті. Құйындаған пойыз жын ұра зулады.

   Алға қараса маңдайын жарып жібереді, қар бұрқыраған қатты жел .Бетін артқа бұрса желкеден кеп ұрады.Басын төмен түсіріп еді.Зырылдаған дөңгелектер,зу -зу етіп қалып жатқан шпалдардан басы айналды,жүрегі лобықты. Қолбақсыз қолы есіктің екі тұтқасына жабысып қалғандай.   Аяғындағы етігі ісініп қазір қақ бөлініп кетердей аяздан тырсия бастады.Беті аузын,кірпігін қырау торлады.Оның үстіне алдыңғы вагонның әжетханасынан ба ,терезесінен бе төгілген су шашыраған сайын үстіндегі күрткісі ақырлап  мұзға айналды.Қырау басқан көзі ашылудан қалды.   Денедегі қан да білектен бастап қата бастайды екен,қоймалжыңданып. Дізесі дызылдап аяқтан әл кетті .Ағзаның бәрі жансыздана бастады.Шыбын жан шырқырап барады. Жүрегі ғана әзірге соғып тұрған Еркіннің... Бір уақта денесі от боп еріп бара жатқандай болды. Мұз да оттай ыссы болады-екен-ау.Ұйқысы келді, маужырап .Қолы мұздатқыштың жәшігіне салып қойған, мұз қатқан балықтай көгере берді ...       

  Вагонның есігіне біреу шегелеп тастағандай.Сырттан қараған жан басқа бір планетадан келген кішкентай адам скафандырмен есікке жабысып тұрғанын көрер еді...

  Қанша уақыт өтті белгісіз.Пойызбен жағаласа жарысқан бағаналар артта жұлқына -жұлқына қалып жатыр.Әншейін мініп түсуге үлгере алмай қалатын мына тұрған Қазалы көрінер емес .Еркін талықси бастады.Денесіндегі шыбын жан ұшып кетердей алқымына кеп тығылды.Әжесі айта беретін сол шыбын жан Еркінді тастап,көкке ұшып кеткісі бар.Өйткені мына дозаққа ол да шыдас беретін түрі жоқ! Кенет есік ашылды.Бетон бет жол серікпен бірнеше адам мұны ішке тартып алмақ болды.Бірақ қол тұтқада қатып қалған .Оған шәйнекпен жылы су әкеп құйды.Мұз қатқан ес түссіз жатқан" скафандырлы"баланы зорға ішке кіргізді Бұл кезде Қазалының да жарығы көрініп,пойыз жүрісін баяулатып жақындап қалған-тын...

  Сөйтсе "Алтай"разезінің кезекшісі көріп қап,бір"мас "есікке жармасып бара жатыр"деп орталыққа хабарлаған орталық рациямен пойыз бригадиріне шыққан...

  Бірақ кеш...Еркіннің торғайдай жүрегі бір шамадан соң тоқтады. Бетон бет "Білмеймін,көргенім жоқ,өзі жабысқан шығар?"-деп бет бақтырмады сотта.Періште бала өзі "кінәлі "болып,аттанды бақиға...

 

 


 

                                             

      КҮНӘДАН АРЫЛУ КҮНІ     

 

    Әскерде Мәскеу маңындағы Подольск ,Реутов деген қалаларда қызмет еттім.Сол жақта орман арасында шіркеу көп.Біздің войска "байланысшы" ротасы сондай орманның арасына орналасқан-тын Хафиз татар жігітпен Хаттам тәжік асханада повыр.Екеуі "самаволкіге " бейім,жиі қашады.Бірақ қолында тамақ бар сержанттардың тілін табады .Олардың ДЕМБІЛге қайтатын кезі еді.Хафиз бірде маған:

 - Біз бүгін бір жаққа барамыз,ересің бе?- деді.Комрота өтпіскіде,старшина өз адамым болса да деп ойладым.

 - Барсам барайын.Бірақ қайда?- дедім.Ол:

 - Барғасын білесің көресің,бірақ жан адамға ләм демейсің.

 - Мақұл бопты дедім еріккен мен. Сонан үшеуміз кешкісін орман ішіндегі жалғыз аяқ соқпақпен желіп отырып бір шіркеуге келдік. Адам қарасы баршылық,біртіндеп кіріп жатыр ішке.Біз жасырынып жатырмыз етпеттеп.Түсініп тұрған мен жоқ.Бірақ ана екеуінің бір "бәлеге"бас тығып жүргенін бұрында ішім сезетін.Өкініп жатырмын келгеніме.Сүт пісірім уақыттан соң шіркеуге еркек ұрғашысы,қыз қырқыны,кемпір шалы кіріп кетті де ,үлкен есігі тарс жабылды.Сол кезде мыналар да мені түртіп қап "ал,кеттік"деп шіркеудің артын айналды.Ол жақта "өртзапас" есік бар екен.Соны ашып,ішке кірдік Жоғарғы қабатына көтеріліп "ложысына" тығылдық ,,,, Поп сөйлеп тұр,іштегі шоқынғандарға.Менің ұққаным бүгін оларда "Күнадан арылу"рәсімі екен

 - Пенде болғасын бәрі күнәшіл .Оған еш қамығып ренжіп өкпе сақтап, қапалануға болмайды.Пенде бір құдайға ғана қарыз,біз бір бірімізге еш қарыз емеспіз,көңілімізге қызғаншақтықты жолатуға болмайды, Ертең өлгенде құрт құмырсқаның азығымыз,болсада.Сондықта бұл "күнадан" арылу"адам баласының бір бірін,қызғануынан сақтайды, от басының ажырасуынан сақтайды деп,бірталай бірдеңелерді айтып,"лекция "оқып жатты. Сөйтсе,бәрі айына бір мәрте осы жерге келеді.Бір сағатқа шіркеудің жарығы өшеді Жасы кәрісі кемпірі шалы,тыр жалаңаш шешінеді,Кім қолына ілігеді,сонымен мауықтарын басады Ол өз әйелі,өз еркегі ме,өзге ме,қызы ма,баласы ма ағасы.әкесі,шешесі ме бірібір. Міне бүгінде солай болды.Кенеттен шіркеу жынның ұясына айналды .Айқайлаған,шыңғырған,жылаған ыңырсыған,тарс тұрс ,сарт сұрт.аламан тасырға толып кетті.Құлақ шыңылдап,екі дізім қалтырай қорыққан мен әлгі "өртзапас" есіктен далаға тұра қаштым. Сол қашқаннан ротаға қалай жеткенімді өзім білмеппін Ана екеуі оған бойлары үйреніп,әбден дәнігіп алған екен әккістер.Келді,таңға жақын ыржаң ыржаң етіп мені мазақ қып- дейді менің жол сапарласым. ...

       Тыңдап отырған менің өзім,құдды бір сол шіркеудің ішіне кіріп бара жатқандай,біртүрлі күй кештім...