Болған оқиға ізімен...
Жеткер Жүсіп
Қазақта бір сөз бар «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді»деген.Мүмкін қырын кетуі. Бірақ өмірде көбіне ол қырын кетпей,пендеге дөп тиіп,тағдырын талқан етіп жатса ше? Ілгері де Аралға жұмыс бабымен барғанбыз.Жанармайдың қат кезі,қасқалдақтың қанындай. Мекеменің сол жақтағы бір көлігін,жүргізуші жалдап алып қайтатын болдық.Оған енді жанармай жоқ.Өзі де бір нән көлік жанармайдың соры.Қойшы сонан сауын айттырып жүріп, сол аудандағы май зауытының бастығына хабарласыпты,біздің дөкейлер. Үйіне бардық. Ойхой,жарықтық! Шарбақтан кіргеннен көкпеңбек төсеніш екен.Аяқпен басуға аяйсың әрі беріден соң. Қипақтап қасымдағы жорналшы ағам екеуміз, зәулім үйге беттедік. Есік алдына кейуана шықты.Амандасып жөн -жосық шаруамызды айттық.Ол кісі:
-Бала жұмыста. Ішке кіріңіздер, мен ызбандайын оның жұмысына -деді.
Ішке кірдік мұнтаздай замана талабына сай бөлмелер,сыңғырлап тұр бәрі.Келін-ау дедік бізбен амандасты да:
-Төрге шығыңыздар,атам бар іште- деді.
Біз төрге оздық.Диванда ақсақалды кісі отыр екен, барып жапырласа амандастық.Мән жәйді айттық о кісіге де
-Ия,жорналшы балдар екенсіңдер ғой деп, қазақ емес пе,ата текті сұрасты.Қасымдағы жорналшы ағамның туыстарын танитын болып шықты ,сұраса келіп,қарын бөле...
Екеуі өткен кеткендерді айтып бір шама уақыт отырды. Сосын келін асқа шақырды .Кемпірі оған дейін бастық баласымен сөйлесіп ,бізді айтқан екен. «Кешкісін үйге соқсын» депті. Сонымен асқа отырдық. Саған өтірік маған шын қойылған қасық шанышқыдан бастап ыдыстың бәрі алтын жалатқан! Бір жәй ыдыс жоқ .Күндегі әдеті ме әлде қонаққа көрсету үшін бе, білмедім мен.Ауқаттың неше түрі, не ішем не жеймін демейсің.Облыстан шалғай жатқан ауданда мұндай тағамдарды алдыңнан кім самсатып қояр дейсің ғой, кәдімгі?! Ішіп жеп жатырмыз, ақсақал әңгімесін соғып отыр, қасымдағы ағама. Көп жылдар бойы ауданның бас есепшісі болыпты. Май зауытының бастығы жалғыз ұл екен,қалғаны қыздар-ау шамасы.Менің бір байқағаным кемпірінің көзінде қалың бір мұң бардай. Осыншама баққа қайлы емес сияқты болды.Уфілей береді ауық-ауық,ауыр күрсініп...
Біз кешке келетін болып келістік. Дастархан ақысынан соң мен шылым тартуға сыртқа шығып,шатыр астындағы жұмсақ жайдақ диванға отырдым .Ақсақалмен ағам бірін- бірі қимай әңгімеден босар емес,тіпте....
Үйдің алдында бір шағын времянкі бар екен. Соның есігі кенет айқара ашылды.Ішінен тыр жалаңаш, анадан туғандай бір мүсін көрінді көзіме. Шошып кеттім перінің қызы ма, әлде өзі ме? Шаш деген беліне түскен.Маған қарап ақсия күледі.Өн бойында бір мін жоқ хас сұлудың өзі! Есімнен тандым. Білмеймін дір- дір етемін оған қарап. Келе жатыр,өрлеп басқышпен....
-Ойбуй, ойбуй!- деп кемпір шыға жүгірді оған қарай. Барды да ілулі тұрған кір жайғыштағы бір ақтықты оның үстіне жаба салды. Сөйтті де оны времянкіге қайта кіргізді. Ол шыңғыра жылады бір кезде. Бір шама уақыттан соң тынышталды—ау деймін, үні семді.Кемпір шықты.Жаныма кеп ауыр күрсінді де:
-Ой,айтары жоқ балам, айтары жоқ ,қор болды қызым.Алматыда жоғарғы оқуды қызыл дипломмен бітіріп, тұрмыс құрды. Бір талғарлық жігітке.Төсегін бір аурулы жеңгесіне салдырыпты ,құдай атқырлар! Сол төсектен осындай дертке шалдықты.Ана жеңгесі құлан таза айығып кетіпті жындыханадан шықпайтын дертінен.
Алтынға малынған бастық ұлдың анасы, ұзақ жылдар бойы бас есепші болып, дүние жиған шалдың кемпірі тарамыс қолымен сол түнгі төсекті салдыртқан жан қазір қолына түссе өңешін суырып алардай қалш- қалш етті. Ана емес пе? Жүрегін жарып шыққан алтынға бергісіз қызы өмір бақи соры болса қайтпек?! Тек соның ғана жанына бататын қайғы ғой,бұл,тек оны ана ғана ұғады..
-Ертең мен олай бұлай болып кетсем, оның күні не болмақ? Қызылордадағы жындыханаға өткізіп жібереді ғой мыналар деп кемсеңдеді. Мен не дерімді білмей, көкпеңбек төселген аяқ астындағы түкті төсенішке қарай бердім, қысылып. Қазақтың ырымы қырын кетпей мына сорлы ананың қайғысына,ана бейбақ қыздың сорына айналыпты-ау?! Есіме әжем Өтештің ертеректегі тағы бір әңгімесі түсті
-Рахила , Маханның жалғыз қызы еді. Жанып тұрған, сұлу болды, Рахила.Қазалының іргесіндегі «Қожабай» деген разезіне алып қашыпты,біреу.Төсегін қояншық ауруы бар жеңгесіне салдырыпты ант ұрғандар .Екі -үш күннен соң аузынан ақ көбік ағып, талып қалатынды шығарды. Әкеп тастады, үйге оны .Өмірі аурудың не екенін білмеген, он- екіде бір гүлі ашылмаған, айдай- сұлу ,Рахила осылай өле -өлгенше талма ауруға душар болды. Анасы Қамби, әкесі Махан соның күйігіне үйтілумен өтті өмірден.... Сондай кісілер қалай жер басып жүр екен дейсің кейде ,күйнгеннен ерніңді тістелеп. Адамның адамға деген қинаты да шексіз екен де,бәтшағар!?