"Видеожазбадағы адамдар анықталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-пункті бойынша ("Ұсақ бұзақылық") әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады ІІД өкілдері. Еске салайық, ақтаулықтар жартылай жалаңаш қыздар жұмыс істейтін автожуу орнын видеоға түсіріп алған.
 
Видео кадрларынан жартылай жалаңаш қыздардың көбіктенген көлікті жуып жатқанын көруге болады. "Жігіттер, Ақтауда қыздар көліктеріңді осылай жуып береді", - дейді кадрдан тыс дауыс. 
 
Видео кейіпкерлері жазаланды Ақтаудағы атышулы автожуу орны түсірілген видеодағы адамдар әкімшілік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.