Синоптиктер елімізде күн суытып, күздің алғашқы айында қар жауатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.ке сілтеме жасап el24.kz

Қазгидрометтің мәліметінше, елдің солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде түнде 1…6 градус нөлден жоғары, кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады деп болжануда. Күндіз 8…16 градус жылы болады.

Еліміздің батысында жылы ауа райы сақталып, ауа температурасы 23…30 градус жылылықты көрсетеді. Солтүстікте айдың ортасы мен соңғы онкүндігінде жауынды болады. Түнде үсік жүріп, жаңбыр соңы қарға ұласады.

Оңтүстікте керісінше күн ыстық болып, 23…30 градусты көрсетеді. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын аз болады деп күтілуде. Өзге аймақта нормадан көп жауады.