Ақтауда бойжеткен 9-қабаттан секіріп кеткен.
Алдын ала болжам бойынша, бойжеткен өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиға 4 қазан бейсенбі күні 4 ықшам аудандағы №37 үйде орын алған.
Жедел жәрдемге сағат 12:27-де қоңырау соғылған. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде бойжеткен әлі тірі болған. Қызды бірден Маңғыстау облыстық ауруханасының реанимация бөліміне жеткізген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. «Ауруханаға жеткізілгеннен кейін шамамен бір сағат және он минут өткеннен кейін ол алған жарақатынан қаза тапты», — деді дәрігерлер.