Түркістан облысында әкесі үш жасар қызын зорлап өлтірген деп айыпталуда. 

Ордабасы аудандық соты 40 жастағы тұрғынды уақытша тергеу абақтысына қамауға алу туралы санкция берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Ордабасы аудандық сотының судьясы Алтай Қалықұлдың айтуынша, 8 қазан күні күдікті екі айға уақытша тергеу абақтысына қамалды.  
«Бөржар ауылының тұрғыны  ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-ші бөлігінің 3,5,14 тармақтарымен  («Адам өлтiру») және 120-бабы 4-ші бөлігі  («Жас баланы зорлау») бойынша айып тағылуда. Ол бұрын соңды сотты болмаған. Әйелі бар.
 Мұндай жағдай біздің ауданда бірінші рет тіркеліп отыр», - дейді Алтай Қалықұл. Ал, Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше қылмыстық істі тергеу басқармасы қызметкерлері қарап жатыр. 
 
Айта кетейік, қайғылы жағдай қазан айының 6-сы күні болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша бүлдіршін бұл отбасының жалғыз перзенті болған.