Осылай деп дабыл қаққан дәрігерлер жыл басынан бері бір ғана Алматыда жүйкесі сыр бергендердің саны 10 мыңнан асып жығылғанын жеткізді. Алайда, ресми тіркелмеген науқастар әлдеқайда көп болуы мүмкін. 

 Ондайлар арнайы психиатриялық орталықтарға барып, дәрігерге қаралуға қымсынады екен. Осылайша, олар «ауруын жасырған өледінің» кебін киеді. Әсіресе, алып шаһарда шизофрения диагнозымен орталыққа жатқызылатындар еселеніпті. 

 
Ақыл-есінде ауытқушылық байқалатындардың  75 пайызы осы тұқым қуалайтын дертке шалдыққан.
 
 Ауруы қозып, ұстамамен келетіндердің дені 20 мен 40 жаса аралығындағы еңбекке қабылетті жастар. Ақ халаттылардың айтуынша, күйзелістің салдары, әлеуметтік жағдайдың төмендеуі, жұмыссыздық, сары уайымға салыну адамды ақыл-есінен адасуға әкелуі мүмкін. 
 
Дәрігерлер жүйкесі жұқарып, ауруы асқынғандар тек дәрінің күшімен ғана өмір сүретінін жеткізді.   
 
Сапар Рахменшеев, Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры: -Біздің орталықта осындай ауруларға ұзақ уақыт әсер беретін дәрілер салынады. Ол дәрінің көмегімн науқастарда бір ай бойы қозу, өршігу кезеңдері болмайды. Егер уақытылы емін қабылдап, дәрісін ішетін болса, ол адамдар қалыпты адамдар. Жүмыс істейді, еркін сөйлеседі.