Әйел баласын батареяға байлап, қылқындырып өлтірген.
Қайғылы оқиға 14 қазан күні 5-ші шағын ауданның №3 үйінде орын алған. Анасы тоғыз жастағы баласының аяқ-қолын батареяға байлап, артынша оны қылқындырған, деп жазадыLada.kz. 

Бала №7 орта мектептің үшінші сыныбында оқыған. «Ол күйеуінен ажырасып кеткен. Алайда әкесі баласын жиі көріп тұрды. Соңғы екі айда ол өзін өзгеше ұстады. Мектепке барып шу шығарып жүрді», - деді күдіктімен таныс әйел. Полиция әйелді қылмыс үстінде ұстаған. 
 
Ол өзінің кінәсін толық мойындады және ешқандай қарсылық көрсеткен жоқ. Төменгі сынып оқушыларының ата-аналарының айтуынша, №7 мектеп-лицейде бұл ақпарат тарамаған. Оқу орнының ди⁠ректоры Гүлден Иманғалиева барлық қажетті ақпаратты құқық қорғау органдарына тапсырғанын хабарлады. 
 
Оқиға туралы Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментіне ресми сұрау жіберілді. 

 

                                                                                                          ktk.kz .