Жаңа өзгеріс жоғары оқу орындарында келесі жылдан бастап енгізіледі

 Келесі оқу жылынан бастап колледж тәмамдаған студенттер жоғары оқу орнын 2-3 жыл ішінде бітіре алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бұған дейін бірқатар отандық БАҚ-та жоғары оқу орындарында оқу мерзімі қысқарады деген ақпарат тараған болатын. 

"Ол тек колледж бітіргендерге ғана арналған. Жоғары оқу орындары колледждердің оқу бағдарламаларының кредиттерін есепке алса, енді төрт жыл оқымай, екі-үш жыл ішінде бітіруге болады", — деді министр үкімет кулуарында. 

Сағадиев жаңа өзгеріс 2019 жылы, жаңа оқу жылында күшіне енетінін атап өтті.

"Қазір құжаттарды бекітіп, біртіндеп енгізетін боламыз", — деді ол.



sputniknews.kz