Қазақстандықтар WhatsApp-та әкімдік қызметкерлері делінген адамдардың пәтерлерді тонап жүргені жайлы хабарламаларды таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдары мен Статистика комитетінің өкілдері осы хабарламаларға қатысты пікір білдірді.
WhatsApp-та тарап жатқан хабарламада алаяқтардың өздерін әкімдік қызметкері ретінде таныстырып, халық санағын жүргізіп жатқаны айтылады. Алайда расында халық санағын Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жүргізеді.
Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл хабарламалардың шындыққа жанаспайтынын айтады. Үкіметтің қаулысы бойынша, Қазақстанда халық санағы 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді.