Ақтөбеде төтенше жағдай режимін сақтамай, салтанатты шара өткізген мейрамхана иесі жауапкершілікке тартылды.
Полиция 21 наурыз күні мейрамханада салтанатты шара өткізгендерді анықтады.
Полиция 21 наурыз күні мейрамханада салтанатты шара өткізгендерді анықтады.
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Төтенше жағдай режимі енгізілген күннен бері өңірде 15 дерек тіркелді. Бәрі де көңіл көтеру және компьютерлік клуб. Олар жауапкершілікке тартылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Еске салайық, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Қаулы қабылданған болатын.