Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемді (42500 теңге) алу шарттары жеңілдетілді деп хабардайды qamshy.kz ақпараттық агентігіне сілтеме жасап el24.kz
 
 Енді төтенше жағдай салдарынан кірісті жоғалтқанын растайтын құжаттарды ұсыну қажет емес. Басты шарт – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына соңғы 12 айда кемінде 1 рет әлеуметтік төлем жасалынған болуы керек. Әдетте ресми жұмыс істеген азаматтардың барлығында дерлік ол төлем жұмыс беруші тарапынан төленеді. Өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі 3 жұмыс күні. Электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦП) бар азаматтар өтінім қалдыруды төмендегі бейненұсқаулықты көріп, үйрене алады.
 

 
Ал электрондық-цифрлық қолтаңбасы жоқ азаматтар үшін оны үйден шықпастан алу мүмкіндігі қарастырылған.  Бұрын-соңды электрондық цифрлық қолтаңбасы болмаған, мобильдік азаматтар базасына тіркелмегендер үшін мына видеонұсқаулық ұсынылады.
 
 
 
 
Ал электрондық үкімет порталының мобильдік қосымшасын пайданушылар яғни мобильдік азаматтар базасына тіркелгендерге электрондық-цифрлық қолтаңбаны алу үшін төмендегі нұсқаулық бойынша әркет етуі қажет.
 
 
 
 
Жаңа әлеуметтік төлемді төтенше жағдайға байланысты жұмысынан шығарылған, ақысыз еңбек демалысынан шыққан орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері, төтенше жағдай салдарынан жұмысы тоқтап қалған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен (ЖП) айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор), әлеуметтік сақтандыру қорына бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, азаматтық-құқықтық келісімшарттар негізінде жұмыс істейтіндер, карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері ала алады.
 
Жәрдемақыға аталған қызметкерлердің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына соңғы 1 жылда кемінде 1 рет әлеуметтік төлем жасағандары үміткер атанады.