Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.
Аттестат тапсыру рәсімі 3-4 маусымда өткізіледі. Бұл мерекенің ерекшелігі – салтанатты түрде аттестат беріледі және соңғы қоңырау соғылады. Түлектер әдеттегі мектеп формасымен қатысады. Шара міндетті түрде мектеп қабырғасында, таза ауда, тек 11 сынып оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен және барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.
Мектептерде аттестат табыстау барысында келесі шаралар қабылданады:
- Шаралардың өткізілуі әр сынып үшін 40 минуттан аспайды және шаралар арасындағы интервал кем дегенде 20 минутты құрайды;
- Әр іс-шарадан кейін мектептің техникалық қызметкерлері өтетін орынды залалсыздандырады;
- Параллельді сыныптардың түлектері мен ата-аналарының түйісуіне жол берілмейді.
Қазіргі кезде мектеп басшылығы тарапынан түлектер мен олардың ата-аналарына мектеп бітірушілердің іс-шараларының кестесі, карантин кезеңіндегі балалар мен ата-аналар тарапынан санитарлық талаптар сақталуы туралы алдын ала хабарланып жатыр.
МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ