Тоғыз жасар бала Алматыдағы Фурманов шыңына көтерілу кезінде биіктіктен құлап, жарақат алды.
"20 қыркүйек күні сағат 13.36-да Фурманов шыңынан 109 құтқару қызметіне шақырту түсті. Тоғыз жасар бала биіктіктен құлаған. Оқиға орнына авариялық-құтқару жасағы құтқарушыларының экипажы, сондай-ақ жедел жәрдем бригадасы мен Медеу аудандық полиция басқармасының жедел - тергеу тобы жіберілді", - делінген хабарламада. Құтқарушылар жолдың ортасына көлікпен жетіп, кейін тау жолының тарлығы мен қиындығына байланысты Фурманов шыңына жаяу көтеріле бастады.

"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті, шынтақ бөлігінен жоғары ішкі сыны болуы мүмкін деген күдікпен зақымданған оң қолына медициналық шиналар салды. Осыдан кейін құтқарушылар тобы зардап шегушіні жедел жәрдем көлігіне дейін эвакуациялады. Құтқару жұмыстары сағат 18.20 - да аяқталды", - деп түсіндірді әкімдікте.
Алайда ауруханаға барар жолда тағы бір келеңсіз оқиға болды - бетон қоршаудың жанында белгісіз біреулер Toyota маркалы автокөлігін қалдырып, жедел жәрдем көлігінің шығуына кедергі келтірген. Құтқарушылар жедел-құтқару автокөлігіне арқан іліп, бетон қоршауды байлап, жол ашты, содан кейін дәрігерлер баланы шұғыл медициналық көмек орталығына жатқызды.