Шымкент қаласының маңындағы аудандардың бірінде айуандықпен өлтіру фактісі анықталды.. .
 
Жергілікті тұрғындар 8 қараша күні таңертең бұталардың арасынан басы кесілген ер адамның денесі табылғанын айтқан.  Содан кейін полицейлер бүкіл тұрғын үй кешені аумағын аралап шыққан.  "Мәйіт табыла салысымен полиция келіп, барлық жерде суреттер мен бейнежазбалар түсірді. Менің айтайын дегенім, біздің аудан криминогендік емес, 20 жыл ішінде маған ешкім тиіспеді. Полиция бұл жерде жедел жұмыс істеуде, көмектескендеріне рақмет", - деді "Қайнар-бұлақ" тұрғын алабының тұрғыны Қорғанбай Досметов.
 
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, оны тергеп жатыр. Тергеу кісі өлтірудің жай-жапсарын жарияламайды. 2001 жылы туған ер адам ұсталғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциялары сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Дереккөз : ktk.kz