Жастар Алматыға Жаңа жыл мен туған күнді тойлауға келген.
Олар туыстарына қиындыққа тап болғанын айтқан. Екі бозбала туған күн мен Жаңа жылды тойлау үшін Маңғыстау облысынан Алматыға келген.
Олар туыстарына бізді бөтен біреулер күштеп ұстап отыр деп хабарлаған. Жігіттерге іздеу жарияланды. Жастар үйден 23 желтоқсанда кеткені анықталды. Олардың бірі 17 жаста, екіншісі жуықта 18 жасқа толған.
"Туған күнді және келе жатқан Жаңа жылды атап өту үшін жастар мегаполиске келген. Олардың бірінің әпкесі байланысқа шығады. Жігіттер оған бізді Алматыда бейтаныс адамдар күштеп ұстап отыр деп айтқан. Қауіпті ақпарат біздің қолымызға түсті. Дереу іздеу тобын құрдық", - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. Полиция "жоғалып кеткендерді" тұрғын үй кешендерінің бірінен аман-есен тапты. Олардың жанында бөтен адамдар болмаған. Ата-аналарының келісімі бойынша жігіттер Алматыдағы туыстарына берілді. Жастармен түсіндіру жұмысы жүргізілді.
ktk.kz