Алматыда іздеу жарияланған «Қазақстан аруы-2019» байқауының финалисті аман-есен табылды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, жоғалған бойжеткен табылды.
«Белгілі болғанындай, ару осыдан бір күн бұрын ешкімді ескертпестен Тараз қаласына кетіп қалған. Ол байланысқа шықты. Аман-есен», - деп хабарлады департаменттен. Еске сала кетейік оның жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын. Кеше кешкісін Алатау аудандық полиция басқармасына жоғалып кеткен қыздың құрбысынан арыз түсті.