Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда COVID-19 салдарынан болған бұғаттау мен шектеулердің қашан алынып тасталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл туралы Ошақбаевтың эфиріндегі эксклюзивті сұхбат барысында айтты.
"Егер вакцина Қазақстанда толықтай қолжетімді болса және біз күзге дейін халықтың 60 пайызына вакцина егетін болсақ, мүмкін алынып тасталады... Енді вакцинацияның ең жоғарғы сатысы келесі жылдың тамыз-қыркүйек айлары деп болжап отырмыз. Тиісінше, бұл шың біздің азаматтардың иммундық мәртебесіне байланысты болуы керек.
Біз бұған әбден үйренгенбіз, аурудың өсуі қыста басталады және бұл қалыпты жағдайға айналуы керек екенін білеміз", - деді Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой
Оның айтуынша, ең бастысы өлімді азайту. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы егер қазақстандықтарға жеткілікті мөлшерде вакцина егілсе, онда күз қиындықсыз өтуі керек деген сенім білдірді.