Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің Тараз-Луговое жол бөлігінің тақ және жұп бағыттары барлық пойыздар үшін жабылды.
Бүгінгі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде орын алған жарылысқа байланысты бірқатар пойыздың жүру уақыты тоқтатылды. Техникалық себептерге байланысты:
- №41 Алматы-2 – Атырау бағытындағы;
- №11 Алматы-2 – Шымкент бағытындағы;
- №78 Манғыстау - Алматы-2 бағытындағы;
- №24 Ақтөбе – Алматы-1 бағытындағы;
- №002 Шымкент – Алматы-2 бағытындағы;
- №72 Түркістан – Алматы-2 бағытындағы;
- №86 Сарыағаш – Нұр-Сұлтан-1 бағытындағы;
-№22 Қызылорда – Семей бағытындағы жолаушылар пойыздарының кешігеді.
Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе «105» бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуы керек.
Дереккөз : ktk.kz