Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөзінің хабарлауынша ,Қарақаралы ауданында денесінің 90%-ін термиялық күйік шалған 48 жастағы ер адам көз жұмды.
Кеше дала өртін сөндіру кезінде Қарақаралы ауданының үш тұрғыны зардап шеккендігі белгілі болған. Олардың денесінің 18, 28 және 90% күйік шалды.
"Егіндібұлақ ауылынан 3 адам жеткізілді. Оның біреуінің денесін 90% күйік шалған. Өте ауыр күйік шогын алған. Термоингаляциялық жарақат. Жасалған шараларға қарамастан, өкінішке қарай, науқас алған жарақатының ауырлығынан қайтыс болды. Екінші науқастың 28% денесін күйік шалған, үшіншісінде – 18% күйік. Олардың жағдайы тұрақты" – делінген хабарламада.
Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында 6 табиғи өрт сөндірілді. Жалынды сөндіруге 339 адам және 94 техника жұмылдырылды.