Қызылорда облысы Полиция департаментінің, табиғат қорғау прокуратурасы және «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері рейд жүргізді.
Нәтижесінде қала орталығындағы көшелердің бірінде 27 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы жеңіл автокөлік тоқтатылды.
«Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан ақбөкеннің денесі анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Күдікті 2 азамат уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жаппай ереуіл кезінде ломбардтан 125 алтын сақина ұрлағандар ұсталды.
Дереккөз : КТК