Алматыда деструктивті ағымды жақтаушылардың бірінен қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Алматы қалалық полиция департаменті 1988 жылы туған азамат И. деструктивті діни ағымның өкілі екенін хабарлайды. Одан 12 калибрлі аңшы мылтығы мен оған арналған 7 патрон тәркіленді", - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында қаруды заңсыз сақтау мен тасымалдаудың мән-жайы анықталады.