Алматыда жеке тұрғын үйге автобус соғылды Алматыда 141-бағыттағы автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, жеке тұрғын үйге соғылды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі ҚазАқПаратқа сілтеме жасап.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық полиция департаментінде жол апаты 10 қазан, сағат 18.00-де болғанын хабарлады.
141-бағыттағы «Yutong» маркалы автобустың жүргізушісі Күдерин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай, жолдан шығып, жеке тұрғын үйге соғылады. Жол апаты салдарынан жүргізушінің өзі және көліктегі 6 жолаушы зардап шекті.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруда»,- деді қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.