Түркістандық полицейлер 300-ден астам трамадол сатқан дәрігерді ұстады,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі Polisia.kz ке сілтеме жасап.
ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтады. «Дәріхана сатушысы ұсталды.
Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептсіз сатқаны анықталды.
Бұл жайт Шардара ауданы полициясында тіркеуге алынды», - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов. Аталған факті бойынша жиналған материалдар Түркістан облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі бойынша жолданды.