Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан полиция қызметкері ұсталды. Бұл жөнінде el24.kz тілшісі,Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
“31 жабайы қазды заңсыз ату нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 800 000 (алдын ала есептеу бойынша) теңгені құрады. Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта оқиға орнын тексеріп, тергеу іс-шаралары жүргізілуде”, – деп қосты аталған министрлік.
Заңсыз аң аулау фактісі 2023 жылғы 6 мамырдағы № 235958031000044 Аққайың ауданының СДТБД-де ҚК-тің 337-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді (адамдар тобымен жасаған заңсыз аңшылық). Қылмыстық қудалау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.