Екібастұзда медициналық орталықтың жанында ер адам қарудан оқ жаудырған. Бұл жөнінде el24.kz тілшісі хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің ресми сайтының мәліметінше, 15 мамыр сағат 17:40 шамасында Екібастұз қаласы ПБ кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел адам көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, зерделегені айтылады.
“Белгісіз атыс қаруынан белгісіз адам Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.
ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы, 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
“Күдіктілердің бірі ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс - шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп қосты полиция.