29 жасар азамат пәтерінде өлі күйінде табылды. Облыстық прокуратура аталған оқиға бойынша полиция органдары тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Баянауыл аудандық прокурорының көмекшісі пәтерінде өлі күйінде табылды. Алдын ала дерек бойынша ол өзіне-өзі қол жұмсаған. Павлодар облыстық прокуратурасы аталған фактіні растады.
«Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне қатысты облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1–тармағы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деп хабарлады өңірлік прокуратураның баспасөз қызметінен. Қайтыс болған азаматтың соңында екі баласы мен әйелі қалды.