Шымкенттің екі тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан. Осы факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді. 
 
Тергеу барысында ҚМА қызметкерлері бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілді.  
Кейінірек сарапшылар зерттеу объектісінің жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткі заты екенін растады.  Сонымен қатар, аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды.  Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді. 

Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді.  Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды, оларға 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
 
Дереккөз: КТК телеарнасы