Қырғыстандағы Балықшы қоныс-колониясынан бас бостандығынан айырылған екі адам қашып кетті.  

 
Бұл туралы қырғыздың "Xабар" агенттігі хабарлайды.  39 жастағы Тәжікстан азаматы Зафаржон Исматов пен 34 жастағы Өзбекстан азаматы Аскаржон Буриев Балықшы қаласындағы №51 қоныс-колониядан 8-ші сәуірде қашып кеткен.   
 
Осы жылдың ақпанында Исматов қомақты сомада мүлік ұрлап екі жылға бас бостандығынан айырылған. Ал Буриев екі ай бұрын заңсыз құжат жасағаны үшін төрт жылға сотталған.  Аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті милиция қашқындарды іздестіріп жатыр. Өткізу-тексеру бекеттерінде бақылау күшейтілд