Арктикаға сапар шеккен экспедиция құрамындағы Андрей Головнёв Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Коль түбегінде ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен таңғажайып көріністі таспаға тартып алыпты: бұғылардың "биін". 

Солтүстікті мекендейтін жануарлардың бұлай істеуінің сыры неде? Осы сауалға бас қатырып, жауап іздеген екен. Дәлірегі, аталған әлеуметтік желідегі достарынан сауалдың жауабын күткен секілді.
 
 Ғаламтор пайдаланушылардың пікірі қақ жарылды: біреулері мұны бұғылардың жылыну үшін осылай істейтінін жазса, енді біреулері жабайы инстикті жетегіндегі мағынасыз әрекетке балапты. 
 
 
 
Дерекккөз: islam.kz