Британдық азамат жалғыздық сезімінен құтылмақ болып, Қытайдан секс-қуыршаққа тапсырыс берген. Алайда ол өте кішкентай болып шыққан деп хабарлайды korrespondent.netсайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.
29 жастағы Натан Уоттс қуыршаққа тапсырыс беремін деп, басы дауға қалды. Шекара қызметкерлері ойыншықты тексере келе, оны педофилдерге арналған деп шешім шығарған. Сонымен аталмыш іс сотқа өтіп, азамат төрешінің алдынан бір-ақ шыққан.
Жігіттің айтуынша, ол қытайлық сайттардың бірінде сатылып жатқан қуыршақты ұнатып қалып, оған тапсырыс беремін деп шешкен. Тіпті үлгінің сипаттамасына да мән бермедім дейді.
Натан ойыншықты сатып алу үшін 1000 фунт (шамамен 500 мың теңге) сарп еткен. Алайда оның бойы небәрі 130 сантиметр болып, түрі кішкентай сәбиге ұқсайтын болып шығыпты.
Алғашында төреші Натанның айтқанына сенбегенімен, тексеру нәтижесінде оның педофилизмге қатысы барын айғақтайтын ешбір дәлел табылмаған. Сонымен жігіт сот залынан босап шықты.