Ауғанстанда шарасыз ана басқа балаларына тамақ тауып беру үшін алты жастағы қызын сатып жіберген.
 
Ауылды қуаңшылық жайлағаны үшін тастап кеттім. Қалтамда 70 долларым ғана қалды. Басқа балаларым аштан өлмеуі үшін, қызымды сатуға мәжбүр болдым.
 
 Менің күйеуімді өлтіріп кеткен. Ал қызымды сатып алған адам 3000 доллар беруге уәде етті", - деді қызын сатып жіберген әйел.
 
 6 жасар Акила есімді қыз өзінің тағдыры жайында бейхабар. Анасы қызына сатып жібергенін әлі айтпапты. Ал қызды сатып алған ер адамның айтуынша, ол болашақта он жасар ұлының қалыңдығы болмақ. 
 
"Біздің елді мұндай оқиғалар болып тұрады. Тіпті кәрі адамдар да жас қыздарды алады. Ондай бола береді", — дейді ол. Бұған қоса, бұл өңірде күн көріс қамымен балаларды сату және сатып алу жиі кездесетін жайт екен.  

ktk.kz