Түркіменстанда Бейтараптық күні қарсаңында сотталушыларға рақымшылық жарияланды. 

 
Елдегі ресми басылымдардың жазуынша, президент жарлығымен 800-ге жуық азаматқа рақымшылық беріледі. "Түркіменстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов "Халықаралық бейтараптық күніне орай рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды, оған сәйкес, 796 азамат бостандыққа шығады", - деп хабарлайды Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі. 
 
2017 жылы Бердімұхамедов үш мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасаған. Бірақ құқық қорғаушылардың айтуынша, бостандыққа шыққан азаматтар арасында саяси тұтқындар жоқ. 
 
Дереккөз: centralasian.org