Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Моххамадабад қаласындағы тұрғын үй пәтерлерінің бірінде газ баллоны жарылып, екі қабатты ғимарат құлады.

Салдарынан кем дегенде 10 адам көз жұмды.

PTI ақпараттық агенттігі, атап айтқанда, бас хатшысы Аваниш Авастхи аталмыш ақпаратты растады. Оның айтуынша, қазіргі таңда жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 10 адамды құрап отыр. Сондай-ақ, 15 адам ауыр жарақат алған. Құрбандар саны өсуі мүмкін, себебі бірнеше адам ғимараттың ішінде, үйінді астында қалып қойған. Қазіргі таңда үйінді астынан адамдарды шығару үшін құтқару операциясы жүріп жатыр. Үндістанның Уттар-Прадеш штатының бас министрі Йоги Адитьянат тиісті тұлғаларға жараланған адамдарға қажет медициналық көмекті көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ, ол көз жұмғандардың отбасыына қайғырып көңіл айтты. Дереккөз: ҚазАқпарат

 ktk.kz