Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында жолдың опырылып түсуі салдарынан 10 адам іс-түзсіз жоғалып, 15 адам жарақаттанды, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 
Оқиға дүйсенбі күні сағат 17:30 шамасында болған. Провинцияның әкімшілік орталығы - Санин қаласындағы Наньдацзе көшесінде жолдың бір бөлігі опырылып түскен.
 
Автобус шұңқырға құлап, жарылған, деп хабарлады жергілікті билік өкілдері. Наньдацзе көшесі - үздіксіз қозғалыс болып тұратын қаланың негізгі магистралі. Құтқарушылар із-түзсіз жоғалып кеткендерді әлі іздестіріп жатыр.
 
Қалалық төтенше жағдайларды басқару департаментінің мәліметі бойынша, зардап шеккендер ем қабылдап жатыр және жағдайлары ауыр емес.
 
Дереккөз: ҚазАқпарат