Иран Тегеран әуежайы маңындағы украиналық ұшақты ирандық әскерилердің қателесіп атып түсіргенін мойындап, “бұл адам факторынан болған апат” деді.
11 қаңтарда таңертең ирандық мемлекеттік телеарна арқылы мәлімдеме жасаған Иран қарулы күштерінің бас штабы осылай деді. Бұған дейін Иран үкіметі бірнеше күн бойы батыс жетекшілері мен сарапшыларының “ұшақты ирандық зымыран атып түсірді” деген мәлімдемесін жоққа шығарып келген еді.
Тегеран кінәлілер жауапқа тартылады деп мәлімдеді. Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф оқиға 8 қаңтарда “АҚШ-тың соқыр тәуекелшілдігінен туындаған дағдарыс кезінде” болды деді.
“Украинаның халықаралық әуе желісі” компаниясына тиесілі ұшақ Тегераннан Киевке ұшқан. Ұшақта Канаданың – 57, Иранның – 82, Ауғанстанның – 4, Германияның – 3, Ұлыбританияның – 3, Украинаның – 11 азаматы болған.
Дереккөз:kazaknews.kz