Бельгияда ел халқының 76%-ы вакциналанғанына қарамастан, соңғы аптада коронавирус жұқтырушылар саны күрт өсті.
Осыған байланысты елде шектеу шаралары күшейтіледі. Енді қоғамдық орындарда тіпті он жастан асқан балалар да маска тағуы қажет, кемінде 12 желтоқсанға дейін мүмкіндігі бар адамдар бес күннің төрт күнінде үйден жұмыс істеуі керек.

Швецияда билік алғаш рет ковид паспорты енгізілетінін жариялады, оны 1 желтоқсаннан бастап 100-ден астам адам қатысатын және жабық жерде өтетін шараларға қатысу үшін ұсыну қажет болады.
«Еуропада тағы да аурудың таралуы байқалып, көптеген елдер жаңа шектеулер енгізуге мәжбүр болды. Швецияда мұндай өсім әлі байқалмайды, бірақ біз сыртқы әлемнен оқшауланбаймыз және бұл бізге де әсер ететініне дайын болуымыз керек», – деді Швецияның денсаулық сақтау министрі Лена Халленгрен.
Аурулар санының едәуір өсуі соңғы күндері Чехияда да байқалды. Сейсенбіде мұнда 22,5 мыңға жуық жаңа жағдай анықталды, бұл – пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты елде вакциналанбаған және ковидпен ауырып щықпаған адамдар үшін жаңа шектеулер енгізілуде, деп жазады ҚазАқпарат. Билік бұған дейін қабылданған шаралар инфекцияның таралуын болдырмау үшін жеткіліксіз болды деп отыр.