Бұл жыл басынан бергі көрсеткіш. Қазір әлемде маймыл шешегін жұқтырғандар саны 550 адамнан асты. Ауру анықталған елдер қатары 30-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал Германияда індеттің тез тарауына нақты не себеп болғанын анықтау мәселесі ғалымдардың бас ауруына айналды, Таяуда денсаулық сақтау саласының сарапшылары маймыл шешегі мен өзге де инфекциялық аурулар жануарларға медициналық қалдықтар арқылы да жұғуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Өйткені дұрыс утилизацияланбаған медициналық құрал-жабдықтарда кеміргіш жануарлар жүреді. Сондықтан мамандар биоқауіпсіздікке аса мән беру керек дейді.