Ал жағалауда бикинимен видео түскендер темір торға тоғытылады.

Кейбір мемлекеттік органдарда қызметкерлерге кеудені оптикалық түрде үлкейтіп көрсететін бюстгалтер қолдануға тыйым салынды. Азаттықтың хабарына қарағанда, мұндай тыйым қазір Түркменбашы қаласының бірнеше мекемесінде қолданылады.

Сонымен қатар, қызметкерлерге жабысып тұратын киіммен жұмысқа келуге тыйым салынды.

Ал жазғы демалыс маусымы кезінде Каспий теңізінің жағалауында Түрікменбашы мен Авазада қазір бикинимен видеоға түсуге рұқсат жоқ.

— Түрікменбашыда бикинимен түскен видеосын Тиктокқа салған әйелдер мен қыздар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілген,

сондай-ақ, олар бір жылдан үш жылға дейін қамауға дейін қылмыстық қудалау болуы мүмкін екенін ескертіп отыр,

Бұл порнографиялық мазмұндағы ақпаратқа тыйым салатын заңға сәйкес делінеді, — деп хабарлайды портал.

Сонымен қатар, «Түркіменстан шежіресі» басылымы әйелдер косметикасы дүкендерін тексеру басталғанын хабарлап отыр. Сатылым орындарынан тұтынушылардың «денсаулығы мен сыртқы түріне» зиян келтіретін косметиканы алып тастау қажет. Бұл негізінен тырнақ лактары, ерін далабы, тушь сияқты құралдар. Бірақ гигиеналық өнімдер – сусабындар, гельдер мен кремдер сатуға рұқсат етіледі.

Басылым сатушылар мен сатып алушылар бұл талаптың нақты неге тыйым салып, неге рұқсат беретінін білмейтінін жазады.

тексерушілердің нақты нұсқаулары жоқ және олар не сатуға және не сатуға болмайтынын әр жағдайда әрқилы анықтайды екен

2022 жылдың сәуірінен бастап әйелдерге «бұрын-соңды болмаған қысым» басталған. Екі айдан астам уақыт бойы олар тексеріліп, ұсталып, ал косметиканы, шашты бояуды, маникюрді және тырысып тұратын киім-кешектерді кигені үшін, сондай-ақ басында шарфтың болмауы үшін айыппұл арқалап жатыр.

Бұл жағдайға биліктің айтары басқа

Мекемелер мен кәсіпорындарда қызметкерлер күтім құралдарын пайдаланудан бас тарту туралы қолхат беруге мәжбүр. Ал, бұған дейін еріндегі ботокс пен төсін үлкейткен стюардессалар мен пойыз жолсеріктерін жұмыстан босату жағдайлары болғаны хабарланған еді.

Сонымен қатар, ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгендер арасында көліктің алдыңғы жолаушы орындығында отырған немесе ер адаммен серуендеген әйелдер де бар.

Мамыр айында ақпарат көздері Үкіметте әйелдердің елден кетуіне толық тыйым салынғанын хабарлады.

Алайда ел үкіметі әлі күне мұндай тыйымдарға қатысты ресми мәлімдеме жасаған емес.

Түрікменстанның Милли Генгеш Меджлисінің (Парламенттің төменгі палатасы) депутаты Сердар Оразов Түрікменстанда әйелдерге арналған косметологиялық қызметтерге тыйым салу туралы пікір білдірген. Ол бұл мәселе туралы пікірін Алматыда өткен Орталық Азия елдерінің тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ саммитіне қатысу кезінде айтқан болатын.

Алматылық журналист осы тақырыпта сұрақ қойған кезде, депутат «тыйым толығымен санитария тұрғысынан» екенін мәлімдеген.

Көптеген түрікмен косметологтары мен шаштараздары микробладинг немесе тіпті шашты бояу сияқты әйелдерге арналған кейбір қызметтерге қатаң тыйым салуды айналып өту үшін өз бизнесінің бір бөлігін жасырын жерлерге ауыстырған-мыс.

— Меніңше, әйелдердің сыртқы келбеті туралы қате ақпарат алғансыз. Біз бұл мәселені медициналық тұрғыда қарастырған едік.

Косметология саласындағы антисанитариялық және заңсыз жұмыстар бойынша нүктелер мен пункттер анықталған ауқымды талдау жүргізілді

Мүмкін сіз осыны айтқыңыз келген болар, ал шектеулер туралы айтсақ – бұл дұрыс емес ақпарат, — деді Сердар Аразов.

Әке мен ұлы — қақтығыстың басталуы ма?

Түрікменстанның бұрынғы және қазіргі басшыларының интернеттегі ақпарат ағынын одан әрі шектеудің орындылығы туралы мәселеге әртүрлі көзқарас бар, деп хабарлады ақпарат көзі. Оның мәліметтері бойынша,

Сердар Бердімұхамедов пен оның айналасындағылар халықтың ақпаратқа қолжетімділігін шектемеу, интернет көздері мен VPN қызметтерін бұғаттамау идеясын алға тартты

Оның әкесі Гурбангулы Бердімұхамедов пен оның кейбір кеңесшілері елдегі ақпарат ағынын қатаң шектеуді қолдайды. Биліктегі бұл адамдар әлі де түрікмен саясатына айтарлықтай бақылау жасайды деп саналады.

Жаңа президент пен оның айналасындағылар өз ұстанымдарын билікке қатысты ықтимал «ішкі қауіп» туралы алаңдаушылықпен түсіндіреді. Мұндай қауіп пайда болған жағдайда «сыртқы қолдау үшін есіктерді ашық ұстаған жөн» деген идея айтылады.

— Біріншіден, жаңа мемлекет басшысы билікте жеткілікті тәжірибе жинақтағанға дейін, сондай-ақ Бердімұхамедовтің денсаулығы жақсы емес екенін ескере отырып, ықтимал қауіптерді азайту үшін кем дегенде үш жыл бойы VPN қызметтерін толығымен жаппау туралы шешім қабылданды, — дейді дереккөз.

Шамадан тыс ақпараттың қаупі

Сондай-ақ, Сердар Бердімұхамедов пен оның айналасы өз аргументін бұл халықаралық қаржы бағдарламаларының онлайн қызметтерін енгізуге мүмкіндік береді деп түсіндіреді.

— Түрікменстанда VPN пайдаланбай шетелдік қаржы айналымы жүйелеріне қол жеткізу мүмкін емес, түрікмен интернетінде мұндай қолжетімділік жоқ, — деп атап өтті дереккөз.

Түркіменстанда барлық ірі әлеуметтік желілер мен тәуелсіз БАҚ сайттары үнемі бұғатталады. Оларға қол жеткізу үшін пайдаланушылар VPN қызметтерін пайдалануы керек.

Ал Гурбангулы Бердімұхамедов пен оның кеңесшілері интернетті бақылауды күшейту керек деп сендіреді

және елдегі проблемалар туралы ақпарат оның шегінен шықпауы үшін VPN қызметтерінің жұмысын толығымен бұғаттау керегі айтылады.

— Президенттің өзі VPN бұғаттауды жақтаушы емес, бірақ үлкен Бердімұхамедов пен оның кейбір кеңесшілері барлық VPN қызметтерін бұғаттағысы келеді. Олар елдің ішкі проблемалары туралы елден тыс жердегілер білгенін қаламайды. Мәселелердің шешімін табудың орнына, олар ақпарат ағынын шектегенді жөн көреді», — деді портал сұхбаттасушысы.

365info.kz