Қырғызстан Республикасының бұрынғы Президенті Құрманбек Бәкиев сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылды.

Бішкек қаласының Первомай аудандық соты Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бәкиевті «Кумтор» алтын кен орнына қатысты сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Сот инстанциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, үкім 2023 жылдың 1 наурызда шықты. Оған сәйкес Қырғызстан Республикасының бұрынғы президентінің жеке мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынып, 10 жылға сотталды.

Қырғызстан Жоғарғы сотының 2016 жылғы 29 шілдедегі қаулысын ескере отырып, жазаны ішінара қосу арқылы Первомай аудандық соты Құрманбек Бәкиевке қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, 30 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын түпкілікті белгіледі.

Одан бөлек, Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 336-бабы 2-бөлігіне сәйкес («сыбайлас жемқорлық») істің басқа да қатысушылары жазаға тартылды.

- Қырғызстан Республикасы Қаржы министрінің бұрынғы орынбасары Әмірлан Торомырзаев жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеп, мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салумен 12 жылға сотталды;

- Қырғызстанның бұрынғы сыртқы сауда және өнеркәсіп министрі Садриддин Жиенбеков мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды;

- ҚР Геология және минералдық ресурстар агенттігінің бұрынғы басшысы Қапар Құрманалиев қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеп, мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салумен 13 жылға сотталды;

- Орталық даму, инвестициялар және инновациялар агенттігі басшысының бұрынғы орынбасары Алексей Елисеев қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеп, мемлекет кірісіне 15 мың сом айыппұл салып, мүлкі тәркіленіп, 30 жылға бас бостандығынан айырылды;

- Үкімет аппаратының құқықтық бөлімінің бұрынғы басшысы Елена Белковская жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым сала отырып, мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды;

- Экс-президенттің ұлы Максим Бәкиев мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыра отырып, айрықша режимдегі колонияда жазасын өтей отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Дереккөз:ҚазАқпарат