el24.kz Венесуэлада 24 маусымда болған жойқын қос жер сілкінісінің салдары ауырлап барады. Ел парламентінің төрағасы Хорхе Родригестің мәлімдеуінше, табиғи апаттан қаза тапқандар саны 5 208 адамға дейін өскен. Бұл туралы ресми ақпаратты Венесуэла билігі жариялады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 16,7 мыңға жуық адам жарақат алған, ал 17 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалған. Билік уақытша орналастыру орталықтарын ашып, зардап шеккен отбасыларға азық-түлік, ауызсу және медициналық көмек жеткізуді жалғастырып жатыр.
Сонымен қатар, 5 шілдеден бері құтқарушылар үйінді астынан 6,4 мыңнан астам адамды аман алып шыққан. Іздестіру-құтқару жұмыстарына мыңдаған жергілікті және халықаралық мамандар жұмылдырылған. Кейбір аудандарда тірі қалғандарды іздеу әлі де тоқтатылған жоқ.
Ресми деректер бойынша, жер сілкінісінен 856 ғимарат зақымданып, оның 190-ы толық немесе жартылай қираған. Үкімет қираған өңірлерде төтенше жағдай режимін сақтап, тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жаңа баспана салу жұмыстарын кезең-кезеңімен бастауды жоспарлап отыр.
Құтқару қызметтері әзірге барлық іздестіру жұмыстарын аяқтаған жоқ. Сондықтан қаза тапқандар санының әлі де артуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды. Билік зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмекті күшейтіп, халыққа қажетті қолдауды үздіксіз көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
