Ғани Әлихан
Құрқылтай (ремез) !
Міне осы кішкентай ғана көзге көрінер көрінбес құстың ұясының қаншама емдік қасиеті бар екенін біреу білсе біреу білмес . Өйткені осы құс жайлы мақала әлеуметтік желіде жарияланғаннан соң , құрқылтай деген не деп сұраушылар көбейді .
Ал енді осы құстың ұясы жайлы айта кетсем . Құрқылтай деген- бұл құс . Қасиетті де киелі құс . Біз қазақ ауырғанда ең алдымен шипаны Алладан сұраймыз ғой , дегенмен осы құстың ұясының емдік қасиеттері жайлы айта кетейін . Құрқылтайдың ұясы 80 түрлі ауруға ем дейтін . Олар радикулит , цистит , қуықтағы грыжа , сүйек сырқырауы , буын сырқырап қақсауы , тамырлардың ісінуі , бүйрек аурулары , ревматизм , жыныс жолдары суықтауы , жатыр аурулары , простатит , аденома , бедеулік , құрсақ көтермеу сияқты тағыда басқа көптеген ауруларға ем . Және де бұл емді кез келген адам үй жағдайында қолдана алады . Ешқандай қиындығы жоқ . Тек ұяның бұлауына кешке жатар алдында түскен жөн .
Өйткені ем қабылдағаннан кейін желге шығуға болмайды . Суық тигізуге болмайды . Ем он немесе он бес күнге дейін жалғасады . Міне осы он бес күнге осы құстың бір ұясы жетеді . Оны кәдімгі құрғаған адыраспанмен ( гармала ) араластырып қолдануға болады . Сондай ақ мұндай әдісті пайдалану сырт көзге күлкілі көрінуі мүмкін . Алайда үш төрт күннен соң пайдасы тиіп жатқанына көз жеткізе бастайыз .
Кейде тіпті бір қолданғаннан кейін ақ пайдасын көресіз . Сондай ақ кез келген уақытта құрқылтайдың ұясын жұлып алуға болмайды . Балапан қанат қағып ұшып ұя бос қалғанда ғана алуға болады . Әйтпесе киелі қүстың киесі ұрады . Мен бала күнімде еститінмін , кезінде Қытайда осы құстың өзімен бір ғана ұясын, бес тонна күрішке бағалаған деседі . Неге күріш дейтін шығарсыз ? Өйткені бұрында қазақ сауданы етпен ( малмен ) бағаласа Қытай күрішпен бағалаған . Қытайдан келген қандастарымыз болса білетін шығар бұл құстың Қытайша атауы Юнбао болса керек . ( Юнгбао ) болуы да мүмкін . Менің оған нақты дәлелім жоқ , бірақ естіген емдік қасиеттеріне қарап тап сол Юнбао ( Юнгбао ) деп ойлап отырмын . Бұл жағын Қытайдан келген қандастарыма қалдырайын , солар айта жатар . Ал енді осы құстың ұясы жайлы аздаған мәлімет .
Ұя негізі шөппен жібектен тұрады . Егер қолыңызға ұстап жақсылап қарасаңыз асқан шеберлікпен тоқылған кішкене тесігі бар себет қапшықты елестетеді . Сондай- ақ ұяны кем дегенде 7 метр биіктікке ағаш басына салады . Жерден қарағанда бұл кәдімгі себет қапшықты ағаш бұтағына ілдіріп қойғандай көрінеді .
Алайда қаншама жел қаншама жауын , боран болса да ұя сол қалпы тұра береді , үзіліп жерге түспейді . Не ұшып жоғалып кетпейді . Өйткені ұясын тоқығанда осы құс өзінің ауыз сілекейін пайдаланады . Негізгі емдік пайдасы құрқылтайдың ауыз сілекейінде болады . Тағы да айта кететін жәйт . Құс ұясын салуға жақын маңдағы ауыл үйлерін аңдиды екен . Себебі жібек жіпті сол үйлерден ұрлап алады . Сондай ақ жібектен басқа , мақтадан немесе синтетикадан жасалған маталарға тиіспейді . Міне сол үшін болса керек ұясын адамдарға пайдалануға қалдырады дейді . Адамзаттың арқасында ұя соғып , балапаны ұшқан соң сол ұяны сол адамзатқа емге тастап кетеді .
Тап осы күн біздің елде бұл құс Қызыл Орда тоғайларында көп кездессе , Өзбекстанда Бұқара аймағында, Түрікменстанда Қарақұм арнасы айналасында көп кездеседі екен . Ұяның құны әр жерде әрқалай . Мың жарым теңгеден басталып бес мың теңгеге дейін !
Мұны да біле жүрейік , ауырмаңыздар ағайын !