Шаңырақтың, отаудың діңгегі қанша нық болса да, еріңіз «көзіңізге шөп сала ма екен» деген ой сізді әйтеуір бір аралайтыны сөзсіз. Тіпті бұл тақырып сан жылдар бойы айтылып, талқыланып келеді, әрі қарай да жалғасын таппақ. Ал сіз «сатқындықтың» белгілерін білесіз бе?
Тәулігіне 24 сағат
Ол жұмысы көбейіп, үнемі кешігетін болды, үнемі қолы тимей жүреді. Естуге ауыр болса да, өкпелемейсіз. Өйткені, ол сіз үшін, баласының қамы үшін жұмыс істеп жүр. Бірақ, психологтардың басым бөлігі «бұл – күйеуіңізге мұқият назар аударудың белгісі» деп түсіндіреді.
Отбасылық дәстүрлер
Бұрын біліп жүрген отбасыңызға ортақ қуанышты күндерді кенеттен ұмытты ма? Оның себебін қанша жерден жұмысбастылыққа әкеп тіресе де, бәрібір көңілінің басқа жаққа ауатыны байқалады.
Шектен тыс тазалық
Табалдырықтан аттай сала, сіздің құшағыңызға емес, бірден жуынатын бөлмеге(ванна) аттанады. Көшеде қанша суық, қанша ыстық болып тұрса да, кейде қол жууды ғана сылтау ете салады. Ол тердің иісінен ұялып емес, «сезіп қоя ма» деген үреймен жүреді деп ойламайсыз ба?
Қолынан телефоны түспейді
«Абонент орталықтарынан» СМС-хабарламалар келгіш болып кетеді. «Жұмысындағылар хабарласып қалуы мүмкін» болған соң қолынан ұялысын тастамайды. Тұтқаға қарағыштап, елеңдеумен жүреді не телефонды мүлде сөндіріп тастайды.
Қызығушылығы жоғалады
Бұрынғы айтылған әңгімелеріңізді ұмытып қалады, есіне түсіруге ерінеді. Ол үйге келгенде айтатын әңгіме болмай, сөздеріңіз «Не жаңалық» деген сұрақтан әрі аса алмай қалады. Күйеуіңіз өзімен-өзі тұйықталып, оңаша ойланып не ұйықтаған сыңай танытып жатқанды ұната бастайды.
Түймедейді түйедей етіп…
Күйеуіңізді үй ішіндегі болмашы жағдайлар тез ашуландырып, жоқ жерден ұрыс шығарғыш болып кетеді. Бұрын әзілге айналатын еркеліктеріңіздің аяғы ренжісумен аяқталады.
«Жараса ма?»
Айна алдында ұзақ тұруды әдетке айналдыруда. Ұзақ жуынып, ұзық қырынып, үнемі таза әрі еркін киінуге ұмтыла түседі. Соңғы үлгідегі киімдерге қызығып, жаңа киімдер алады. Күнде үйден шығарда «Қалай болып тұрмын» деген сұрақты да қоюы мүмкін.
Немқұрайдылық
Бұрынғыдай жаңалықтармен жарыса бөлісіп, бір тақырыпты ұзақ талқыламайсыздар. Өзіңіз қойған сұрақтың бәріне де «Білмеймін» деген жауап аласыз не иығын қиқаң еткізеді.
Осы белгілерді байқасаңыз, күйеуіңізді өзгертуге емес, өзіңіз өзгеруге ұмтылыңыз…