-Ағай, сөзіңізді бөлгенім үшін кешірім сұраймын. Бірақ барлығын түгел тақтаға шығардыңыз да мені неге шығармадыңыз?
- Сен жаңадан келдің емес пе?
- Иә, келсем не болыпты? Барлық жерде осы оқулық бойынша дәріс жүргізіледі емес пе?
- Алғашқы күніңнен ақ екі алғың келіп тұр ма?
- Өзіме сенімді болмасам бұлай сөйлемес едім.
- Ендеше кел, сені де сынап көрейік.
Нұрдәулет жаңа шәкіртіне сұрақ қоя бастады. Сыңғырлаған нәзік үнімен сұлу қыз сұрақтарға еш мүдірмей жауап беріп отырды. Үш сұрақ қоямын деген ұстаз жаңа оқушының тапқырлығына тәнті болып сұрақтарды оқша жаудыра бастады. Жаңа шәкірті де осал жан емес екен. Еш бір сұрақтан сүрінген жоқ.
- Сенің есімің кім?
- Айзере.
- Есімің әдемі екен. Сенің тапқырлығыңа тәнтті болдым. Жаңа мен әлі алда өтілетін тақырыптардан сұрақ қойдым.
-Иә, білемін. Бірақ мен ол тақырыптарды өз бетімше оқып қойғанмын.
- Қазақстан тарихы сабағын жақсы көретін секілдісің.
- Мен үшін Қазақстан тарихы тек сабақ, пән емес. Қазақстанның әр бір тұрғынына өз еліміздің осы бейбіт заманға жетер жолында қандай қиындықтарға душар болғанын,өз жанын құрбан еткен ата бабаларымыз жайлы білу парыз деп білемін.
Өз елімнің азаматы ретінде елімнің тарихын білмеу өте ұят іс.
-Жарайсың. Міне нағыз оқушы. Нағыз шәкірт. Сенің ұстазыңа алғыс айтамын. Ал мен болсам сендердей шәкірттерім болғанына ұялып отырмын.
- Ағай кешіріңіз бізді.
Сол күннен бастап Нұрдәулет Айзереге ерекше көңіл аудара бастады. Ол жайлы сұрастырып ақпарат жинап жүрді. Ауылға тұрмысқа шыққан әпкесіне көмектесу үшін қаладан келгенін білді. Айзере мектептің үздік оқушыларының бірі болып, әр бір іс шарада белсенді рөл атқарып жүрді.
Мектептің атынан сайыстарға түсіп жүлделі орындар алып жүрді. Нұрдәулет тарих пәні бойынша Айзерені сайысқа дайындап, аудан, облыстық сайыстарға бірге апарып әкеліп жүрді. Тек оқуда ғана озат емес, мерекелік іс шараларда ән айтып би билейтін бойжеткенге жігіт атаулының бәрі де ғашық еді. Соңынан қалмай үнемі қырындап жүретін.
Бірде Нұрдәулет ер мұғалімдер мен бірге сыртта әңгімелесіп тұрған еді. Айзеренің артынан еріп қырындап жүрген бірнеше жігітке көзі түсті. Көз алмай сол жаққа қарау мен болды. Жігіттерден әбден мезі болып ығыры шыққан қыз кенет тоқтай қалып ыржыңдап ауызына келгенді айтып жүрген жігіттің жағынан айналып секіріп теуіп жіберді. Тап бір үнді киносынлағыдай ,жігіт байғұс екі метр жерге ұшып түсті. Жұрттың бәрі Айзерені қоршап жинала қалды.
- Айзере сенің мұның не? Біз сені үздік, тәрбиелі оқушы санап жүрсек.
- Иә, не болыпты. Үздік болсам сонда жеке басыма тиісіп, әке шешемді мазақ еткен жігіттің үнін өшірмеуім керек пе? Бұндайлардың аузы тек осылай ғана жабылады.
Кенет бәрі бірден тырқылдап күле бастады. Айзере не болғанын түсіне алмай үсті басына көз жүгіртіп еді, белдемшесінің арты беліне дейін айырылып жыртылып кеткенін байқады.
Жұрт күлуін тоқтатар емес. Нұрдәулет жүгіре топтың ортасына кіріп костюмін шешіп қыздың белін айналдыра жауып қойды.
- Болды жетер енді. Бәрің тараңдар. Сабақ аяқталса үйлеріңе қайтыңдар.
- Ағай мені бұл жерден алып кетіңізші.
-Жүр, жүре ғой.
Нұрдәулет қызды жетектеп мектептен сәл ары орналасқан шағын саябаққа апарып, екеуі орындыққа жайғасты. Шәкірті иығына басын қойып өкіріп жылағанда Нұрдәулеттің бойын ерекше сезім билеп алды. Қызды құшағына қатты қысып, жұбатқысы келген.
Алайда жан - жағы толған адам болған соң ыңғайсызданды. Оның үстіне қызды өсекке қалдырып жанының одан әрі қинала түскенін қаламады. Айзерені күлдіріп әр түрлі қылықтар істеп, оның қуанғанына өзі де қосыла қуанып екеуі бірер сағаттай отырды.
- Ағай сізге көп рақмет.
- Мен сенен қорқайын дедім ғой. Жаңағы тебуді сен түгілі мен білмеймін. Оны қайдан үйренгенсің?
- -Карате мен таеквондоға қатысқанмын.
- Мәссаған, мені тағы да таңқалдырдың.
Мұның бәріне қалай үлгересің?
- Анам, бізді солай жан жақты тәрбиелеген. « қыз бала өзін қорғай алуы керек» деп, спорт пен шұғылданғанымды қалады.
- Анаң өте керемет жан екен.
- Иә, анамды сағындым.
- Мен де, қатты сағындым.
- Анаңыз мұнда емес пе?
- Жоқ, ол кісі өмірден озған.
- Иманы жолдас болсын.
-Әумин. Жүр сені үйіңе дейін шығарып салайын.
Ертеңіне ақ, бүкіл ауыл шәкір пен ұстазды бір біріне қосып екеуін қыз бен жігіт деп шуылдай бастады. Екеуінің арасы он жас. Жұрт екеуін « саябақта кездесті, сүйісті, құшақтасты» деп, болмаған нәрселерді болды етіп айтып шулап жүрді. Нұрдәулет өзінен бұрын Айзере үшін қатты алаңдай бастады. Сол сыныпқа сабағы басталар сәтті асыға күтті. Сыныпқа кірген бойда Айзерені орындығы бос тұрғанын байқап көңілі алабұртып қалды. Айзеренің жақын араласатын құрбысынан ол жайлы сұрастыра бастады.
- Айзере неге сабаққа келмеді.
-Білмеймін ағай.
- Сен оның үйін білесің бе?
- Иә, білемін.
- Маған түсіндіріп айта аласың ба?
Нұрдәулет шәкіртін іздеп әпкесінің тұрып жатқан үйіне барды. Қарақшы ұқсап сол маңда торуылдап жүрді.
Айзерені жолықтыра алмай кері қайтты. Ертеңіне тағы да Айзере сабаққа келген жоқ. Кешкісін тағы да әпкесінің үйінің маңында торуылдап жүрді. Ьір сәтте көрші үйден кішкентай қыз көшеге шықты. Нұрдәулет әлгі қызға дүкеннен шоколад алып беріп, Айзереге барып оны сыртқа шақырып шығуын өтінді.
Уақыт көп өтпей Айзеренің орнына әпкесі шықты.
- Сіз мұнда не істеп жүрсіз?
- Айзерені неге сабаққа жібермей жүрсіз?
- Осының бәріне сіз кінәлісіз. Жұрт сіңілім екеуіңіз жайлы түрлі өсек айтуда. Сіздің кесіріңізден сіңілім екеуміз қарабет болдық. Ол енді ол мектепке бармайды.
-Бармағаны қалай? Тоқтаңызшы.
Әпкесі Нұрдәулетті тыңдамай үйіне кіріп кетті. Нұрдәулет сұрастыра келе Айзеренің көрші ауылдағы мектепке ауысқанын естіді. Бірден өз мектебінен жұмыстан шығып, Айзере оқып жүрген мектепке жұмысқа орналасуға өтініш білдірді. Мұндай білікті маманнан айырылып қалғысы келмеген мектеп басшысы бірден ұсынысты қабыл алды. Осылайша махаббаттан есінен айырылған ұстаз өзінің не істеп жүргенін аңғара алмастай күй кешіп жүрді.
Жалғасы бар...
"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан