Нұрдаулет өте сымбатты, көп қыздың арманына айналған сері жігіт. Ес білгелі қиындықтан көз ашпай келе жатса да, өмірге деген құлшынысы ерекше күшке ие. Әкесі жастайында қаза болған.
Анасы Назым жазылмас дертке шалдығым мүгедек болып жатқанына қаншама жыл өтті. Ер бала болғанына қарамай үйдің бар шаруасын жасап, анасына күтім жасап, сабағында үздік оқып жүрді. Оның қыртыс түспеген шалбарына, жағасы кірлемеген ақ жейдесіне қарап кей біреулер өзі үшін ұялатын. Тазалыққа жаны құмар, әділдікті сүйіп Алланың ақ жолынан таймаған жігіттің үнемі жолы болатын. Міне енді мектебін қызыл дипломға бітіріп Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы ЖОО на тарих пәні бойынша грантқа ілінді.
Жап жас жігіт анасын арқалап қалада пәтер жалдап тұрып оқуын оқыды. Назым ауылда төсектен тұра алмай жатқанда көршілері, ағайын туыстары келіп көңілін аулағандықтан сары уайымға салынбай көңілі жадырап жүруші еді. Қалаға келгелі бері жалғыздықтан құса болып денсаулығы күннен күнге нашарлай берді. Сонда да ұлы үшін үнсіз бәріне төзді.
Нұрдаулет оқудан тіке үйіне асығып анасының жағдайын жасап түн ортасына дейін пәтер ақысын төлеу үшін жұмыс істеп келетін. Түннен таңға дейін сабағын оқып, бір -екі сағат қана көз іліп жүре берді.

Еш бір қиындыққа берілмей үнемі ізденісте жүріп ерекше шәкірт ретінде көзге түсіп Республика аралық бәйгелерде асығы алшысынан түсіп қанжығасы майланып жүрді. Үйі толған алғыс хат. Оқу оқып ізденісте жүрген жігіттің сана сезімінде махаббатқа орын болған жоқ.
Қыз қырғынның бәрі оның соңынан жүрсе де еш біріне назар аударған жоқ. Төрт жыл көзді ашып жұмғанша өте шықты. ЖОО орнында қызыл дипломға бітіріп оқу орнының директоры Нұрдаулетке ұсыныс жасады.
- Нұрдаулет, сен өте дарынды ізденімпаз, бір орында тұрмай үнемі алға қарай жылжыйтын ерекше шәкірттеріміздің бірісің.
- Рақмет үлкен.
- Саған айтар ұсынысым бар. Егерде қаласаң біздің ЖОО орнында жұмысқа орналасып өзің секілді мықты шәкірттерді оқытуға қалай қарайсың?
- Расымен бе? Мен әрине келісемін.
- Ендеше сенен мықты ұстаз шығарына мен сенімдімін. Іске сәт.
- Рақмет!
Нұрдаулет қызыл дипломын анасына көрсетуге, қуанышты жаңалықты жеткізуге асығып күнделікті жүріп жүрген жол тым ұзап кеткендей болып үйіне әрең жетті.
Төсекте қара терге түсіп, тыпыршылап жатқан анасын көріп қолындағы дипломын бір шетке лақтыра салды. Манағы қуанышы отқа су құйғандай басылды. Анасының қолынан қысып ұстап, құшағына алып терең күрсіне иіскеді.
-Анашым, әлемнің бар әтірін алып келсе де мен үшін бұл иістен басқа хош иіс жоқ. Сіздің құшағыңыздан асқан жылулық жоқ. Бар байлығым өзіңізсіз. Мені байлығымнан айыра көрмеші тәңірім.
- Балам, Аллаға мың шүкір. Осы күнге жеткізгеніне.

-Балам дипломын алғанша жанымды ала көрмеші. Мен үшін оқуын тастап ауылда қалып қоймасын.Оқуын аяқтағанша жанымды қанша қинасаңда төземін, тек жүрегімнің соғуын тоқтата көрмеші- деп күні -түні жалбарындым ғой. Енді міне дипломың қолыңда. Ауылға кеттік пе? Мен өз үйімде, өз төсегімде жатып жан тапсырғым келеді.
- Жоқ, жоқ сіз өлмейсіз. Мен оған жол бермеймін.
-Балам, олай өзіңді қинама. Мен сенің жылағаныңа төзе алмаймын. Көз жасыңды көргім келмейді. Ауылға қайтайықшы. Ағайын туысты соңғы рет көрейінші.
- Әрине анашым. Сіз не десеңіз сол болсын.
Нұрдәулет дереу жиналып көлік жалдап анасын өз үйіне алып барды.

Туыстары жиналып күтіп отырған екен.
- Балам сіздерге аманат. Балам осы күнге дейін бір де бір қызға көз қырын салған емес. Өзі жар таңдай алмайтынына сенімдімін. Келіндерім мен сіздерге сенемін. Тәрбиелі, текті жерден шыққан қызға үйлендірерсіңдер.
- Женше олай демеңізші. Сіз әлі балаңыздың тойын көріп, немере шөбере сүйесіз.
- Иә, әпке олай айтаңыз. Сіз ертең ақ аяққа тұрып кетесіз.
- Мені алдап, өтірік айтудың қажеті жоқ. Балам мен өлген соң мына үйді қаңыратып бос қалдырма. Әкең екуміз осы үйде немерелеріміз бен ойнап жүреміз деуші едік. Әкең екеуміз де ол күнге жете алмай арманда кететін болдық. Маған уәде бер. Бұл үйді тастап кетуші болма.
- Жарайды анашым. Ешқайда кетпеймін. Осында тұратын боламын. Уәде беремін.
Үнемі « Жігіттің екі сөйлегені өлгені» деген ұстаным мен өмір сүретін жігіт анасының қазасынан соң туып өскен ауылында, өз үйінде тұрып жатты.

М. Әуезов атындағы ЖОО на жұмысқа шақыртудан бас тартып өзі оқып білім алған мектепке тарих пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Шәкірттерін дос —бауырдай, қарындасындай көріп оларға ерекше түрде сабақ өтіп жүрді.
Бұл шағын ауылда көпшілік мақта егіні мен айналысып күн көреді. Қыркүйек айынан бастап бүкіл бала шаға оқуды жиыстырып мақта терімге шығып кетеді. Міне сол кезде Нұрдәулет ашуға булығып әр оқушысының үйін жеке- жеке аралап ата- анасы мен тілдесіп қайтты. Бәрінің де айтар жауабы бір. « Ертеңнен бастап сабаққа жіберемін» дейді де, сол баяғыша жиырма бес оқушының бесеуі ғана сыныпта отырады.
Бірінші тоқсандық аяқталып Қараша айында екінші тоқсан басталды. Күн суытып мақта терімнің қызуы басылып, оқушылар түгел сыныпқа жиналды. Сегізінші сынып оқушылары ағайларын орнынан тік тұрып жылы шырай мен қарсы алды. Алайда Нұрдәулет өз шәкірттеріне ашулы болатын.
-Сәлеметсіз бе, ағай. Бізге жаңадан оқушы келді.
- Сен айтпасаң білмейді дейсің бе? Отыр орныңа.
Кәне кітап, дәптерлеріңді бәрің менің партама әкеліп қойыңдар.
-Ағай, не үшін?
- Бір тоқсан бойы не оқығандарыңды тексеремін. Бірінші тоқсанда өткен кез -келген тақырыптан үш сұрақ қоямын. Үшеуі түгел жауап берсеңдер бес, екеуіне төрт, біреуіне үш. Ал мүлдем таппасаңдар журналға екі қоямын.
- Ағай олай болмайды ғой.
- Мына жерде ненің болатынын, ненің болмайтынын сен маған үйретесің бе? Көп сөзді доғарыңдар. Кәне тез жинаңдар.
Оқушылардың еңсесі түсіп бәрі де кітап дәптерін ағайларына тапсырды. Нұрдәулет бір-бірлеп бәрін тақтаға шығарып сұрақ қоя бастады. Өкінішке орай бірде- бір оқушы үштік бағадан аса алмады.
- Мен сендерге сонда бір тоқсан бойы не үйреттім?
- Ағай кешіріңіз бізді.
- Сабаққа келмей, кітап бетін ашпай жүре бересіңдер ме?
Кенет жаңадан келген, қолаң шашты, бойшаң келген сұлу қыз мұғалімінің сөзін бөліп жіберді.

Жалғасы бар...
"Әсерлі әңгімелер "топтамасынан