Артынан жүргізуші де қалыспай қуып келеді.
- Әй қызым саған не болды? Қайда қашып барасың? Тоқта, тоқта деймін. Адасып қаласың қазір.
- Жоғал, кет маған жолама. Маған тиіспеші.
Жүргізуші қуып жетіп, байғұс қызды ұстап алды.
- Сенің есің дұрыс па? Неге қашып барасың?
- Жолама, жолама деймін. Мені алдап қайда алып барасың? Жібер мені...
- Қайда дегенің не?. Әрине үйіңе алып барамын ғой.
- Жоқ, сен мені алдап тұрсың. Сен жаман адамсың.
- Әкең мен қатар адамға« сен» деп сөйлейтін неткен тәрбиесіз қыз едің? Жүр кәне, сенен ертерек құтылайын.
-«Құтылайын» дегенің не? Маған не істемексің? Өлтіресің бе? Әлде тірідей кесіп дене мүшелерімді аласың ба?
- Сен қыз мені жындандырып жіберетін шығарсың. Үйіңе жеткізіп құтылайыншы сенен. Жүр көлікке мін.
- Жоқ, сенбеймін. Мен жаңа әңгімеңді естідім. Сендер ұйымдасқан қылмыскер топсыңдар. Мені ақша үшін біреуге апарып бермексің бе? Қанша ақша керек саған? Аға, әпкелерім сол ақшаны саған берсін. Тек мені үйіме алып баршы. Ешкімге ештеңе айтпаймын.
- Туф, сен қыздың қиялың шексіз екен. Не айтып кеттің? Қайдағы қылмыстық топ? Он минутта ауылыңа кіреміз. Жүрші... Мені үйімде бір топ адам күтіп отыр. Қазір ұлым келін алып келеді. Соған қалың малына аз маз ақша жетпей тұрған соң әйелімді тыңдамай жұмысқа шығып кетіп едім. Қазір бармасам құлақ етімді жейді.
- Бәсеке деген әйеліңіз бе? Солай ма? Алдап тұрған жоқсыз ба? Менің ауылым бұл жақта емес қой.
- Ауылыңа кірер жол көп қой. Бәрін түгел білетін адам ұқсап сөйлемей, тез көлікке отыр.
Назерке, бәрі бір де қашып құтыла алмасын біліп, Аллаға өз жанын аманаттап көлікке отырды. Бойын билеген қорқыныштан арыла алар емес. Араға бес минут салып алыстан үйлердің шатыры көріне бастады. Жүрек соғысы баяулап, көңілі көншіп қалды.
-Аға, мені кешіріңізші.
- Қорқуың орынды, түк етпейді.
-Ол үшін емес.
- Ендеше не үшін кешірім сұрап жатсың?
- Көлігіңіздің бұзылғаны үшін.
- Оған сенің кінәң жоқ қой.
- Бар, болғанда қандай. Ақымақ басып сізді жаман адам екен деп, көлігіңіздің бұзылғанын Қүдайдан тілей беріппін ғой..
⠀
Жүргізуші мен Назерке күле күле діттеген жерге де жетті. Назерке аға жеңгесінің үйіне аман есен жетті. «Қорыққанға қос көрінер» деп осындайда айтса керек...
"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан
Соңы...