Бәріне де үнсіз төзді. Анасының сөзінен аса алмаған үш жігіт жеңгелерінің ісіне әрең шыдап жүрді. Кейде ашу үстінде дауыс көтеріп қалатын кездері де болды.

Сол кезде қорқып тұрған Лаура менен анасының жаутаңдап тұрған көздеріне қарап ашуын тізгіндеп қалатын.


- Анашым, мына сұмдықтың шегі болады ма? Жаныма жақын дос-бауырдың бәрімен араласудан қалдым. Бәріне күлкі болдым.
- Қайтейін балам? Ол Лаураны қару ретінде пайдаланып отыр. Үйден кетсе Лаураны да алып кетеді емес пе? Ғазизімнің жалғыз тұяғы, аманатынан айырылып қалғым келмейді. Ол қызды да өзі секілді бұзып тынады. Жалынамын құрбаның болайын, мен үшін оған тиіспеші. Бір күні өзі ақылға келер.
- Ол ақылға келемін дегенше біз тірі өлікке айналатын шығармыз..
- Қой олай деме...
- Жарайды, бәрі де сіз бенен қарырдасым үшін.
Шерхан анасына уәде беріп, жеңгесіне ауызын ашып артық сөз айтпауға келісті. Шерхан құрылыс бригадирі болып жұмыс атқаратын. Қол астында бес—алты жұмысшысы бар. Кешке қарай жұмысшылары мен жаңа тапсырыс иесінің іргетасы қаланып қабырғасы көтерілген үйін көруге барды. Қараңғы түсіп қалған қолдарына қол шам алып бітпеген үйді айналып көріп жүрді. Сол сәтте терезеден секіріп шығып әлде бір еркектің қашып бара жатқанын байқады. Үй иесі мен Шерхан сол мезетте қашқын адам шыққан терезеге қарай жүгірді. Қолшамды жаққаны сол еді жалаңаш асығып киініп жатқан әйел адамды бәрі де көрді. Үй иесі дереу Шерхан көрмесін деп оны шетке қарай сүйрей бастады.
- Жіберіңіз мені. Маған көруге болмайтындай ол не көрініс соншама?
- Шерхан қоя ғой, інім. Ашуға ерік берме.
Шерхан бой бермей сытылып шығып қолшамның жарығы мен жалаңаш денесін бүркеп отырған жеңгесін көрді.
«Көзбен көргеннің күйігі жаман» дейді ғой, қаншама сөз естісе де бұлай жігіттің жанын азаптамаған еді. Сол жерде жатқан ірі тастарды жеңгесіне қарай лақтыра бастады.
-Қарғыс атқыр, атаңа лағынет не секілді жеңгенің. Алла тағала ағамның қай күнәсі үшін сені оған жар етті екен? Құрып кеткір хайуан. Бәрімізді де өлтіріп тындың -ау.
- Қой бауырым өзіңді ұста. Ондайларға сөзіңді зая етіп қайтесің?
- Иә, басеке қайтесіз? Әй жеңге тезірек кетсеңші. Әйтпесе өлтіріп қояды қазір.

Мөлдір жартылай жалаңаш қаша жөнелді. Шерхан жер ұрып жылап қала берді. Жанындағылар жұбатып есін жиып, кері қайтты. Жанындағылардан бөлініп мазаратқа ағасының қабірінің басына барды.
Ағасының бейітін көз жасы мен суарып жанайқайын айтып үйіне кері қайтты. Үйіне жақындаған сәтте бір топ адамның бірін- бірі жұлқылап қырық пышақ болып жатқанын байқады. Жандарына асыға жетіп барды. Жаңағы қүрылысы бітпеген үйден қашып шыққан еркектің анасы, келіншегі, қарындас, әпкелері келіп Мөлдірді талап жеп жатыр екен.
- Ұятсыз, біреудің отбасын ойрандаудан қорықпайсың ба? Лағынет атсын сені жексұрын.
- Өзің ұятсыз. Қойныңдағы байыңа иелік ете алмасаң мен кінәлімін бе?
- Келін, кешірім сұрай салшы. Өтініш мен үшін кешірім сұрасаң нең кетеді?
- Сен де қыз өсіріп отырсың ғой. Қызың үшін қорықпайсың ба? «Шешесіне қарап қызын ал» деген аталы сөз бар. Сендей шешеден туған қызды кім алады ертең?
- Өзі секілді әркімнің қойнында жатқызатын шығар.
Шерхан Лаураға сөз тигізіп жатқандықтан, айқай-шудан анасының қиналып, көз жасын төгіп тұрғанын көріп шыдап тұра алмады.
- Болды жетер. Дереу кетіңдер. Кәне кетіңдер үйімнен. Әйтпесе әйел екен демеймін. Күш көрсетуге мәжбүр етпеңдер.
- Шерхан, балам сені үнемі мақтап, нағыз ер азамат деп жүрсем. Үйіңдегі бір қаншық итке иелік ете алмағаның қалай? Мына ауылда айрандай ұйып отырған отбасының бәрін ойрандап бітті ғой. Егер бір әрекет қолданбасаңдар сендерді мына ауылдан көшіріп жібереміз жабыла жүріп. Ескертіп айтып жатырмын.
-Кәне кетіңдер....
- Егер осыдан сені күйеуімнің жанынан көрсем тірідей өртеп жіберемін.
- Қолыңнан келсе қонышыңнан бас..
- Жеңге жап аузыңды.
-Жаппаймын, мен сұлу болғаным үшін кінәлімін бе? Өзің ұсқынсыз, нас, салақ болып түтін сасып жүрсең күйеуің өзгеге қарамағанда қайтсын?
- Ұятсыз, айтып тұрғанын қарашы мынаның...
Әйелдер бір-бірін түтіп жей бастады. Шерхан әрең ажыратып жеңгесін үйіне күштеп кіргізіп, өзгелерін келген жағына қайтарып жіберді.

Ашудан жарылардай болып тұрған Шерхан жеңгесін айқайлап сыртқа шақырды.
- Ей қатын, сені жеңге деп атауға арланамын. Шық мұнда.
- Балам ашуыңды бас, ақымақтық жасама. Сен маған ант еткенсің. Егер көзімнің қарашығы Лауратайымнан көз жазып қалсам сені кешірмеймін.
- Жетер енді, одан да мені өлтіре салыңыз. Ант, уәдеге түкіргенім бар.
- Балам, құлың болайын олай жасама.
- Шығасың ба, жоқ па? Өзім барсам қазір аямаймын.
Мөлдір қайын інісінен қорқып бөлмесін іштен кілттеп бір бұрышта бүрісіп отырды. Бойын билеген ашудың кесірінен ақыл есінен айырылған Шерхан жеңгесінің бөлмесінің есігін бұзып кірді де, иттей шашынан сүйреп, белдігі мен сабап, өлетін жағдайға дейін жеткізіп көлігінің ішіне лақтырып жіберді. Бұл көріністі кішкентай қыз Лаура есіктің тесігінен сығалап тамашалап, көз жасын көл етіп тұрды. Анасының есінен танып құлағанына да қарамай Мөлдірді өз әке-шешесінің есігінің алдына апарып тастап кетті.
Үйіне қайтар жолда елсіз аймаққа тоқтап, бар дауысы мен ақырып, айқайлап жылап, жер теуіп алды да үйіне оралды. Есік алдында күтіп отырған анасына қарамай өтіп бара жатты.
- Балам, мен саған не айттым? Сонда өз анаңды тыңдамайтын болғансың ба?
- Анашым, мені кешіріңіз, бірақ мен бұдан әрі төзе алмаймын. Мені бұлай сынамаңыз.
- Мен сені кешірмеймін. Ешқашан кешірмеймін.
-Өз еркіңіз, өзіңіз білесіз.
Шерхан бөлмесіне жетіп есікті ашқалы тұрғанда артынан біреу таяқ пен аяғынан салып жіберді.

Соққы аса қатты болмағанынан-ақ, кімнің ұрғанын бірден түсіне қойды. Артына бұрылып қараса Лаура таяқ ұстап тұр екен.
- Ұр, мені, ұрсаңшы, қалағаныңша ұр.
- Сен жаман ағасың. Менің анам қайда? Оны неге ұрасың?
- Қуыршағым, сен әлі кішкентайсың. Сен қазір түсіне алмайсың. Ертең есейген соң түсінесің мені.
- Анамды үйге қайтар. Оны қайда тастап келдің?
- Ол саған ана болуға лайық емес. Ол....
- Ол менің анам.
- Кел, маған келші құлыншағым.
-Сені көргімде келмейді. Маған анам керек. Мені оған алып бар. Алып бар деймін.

Лаура кіп -кішкентай жұдырықтары мен ағасының көкірегінен дүрсілдете ұра берді, ұра берді.
Шерхан қарындасын бауырына басып, жұбатқысы келгенмен Лаура оның кеудесінен итеріп әжесіне қарай қаша жөнелді.
- Әже, ағама айтшы. Анамды үйге қайтарсын. Айтшы әже.
- Қызым, анаң қайта келеді. Ағаң оны алып келеді. Солай емес пе?
- Анашым жетер енді. Оны еркіне жібер. Өз қалауынша өмір сүрсін.
- Қыздың қалай қиналып тұрғанын көрмейсің бе? Дереу үйге қайтар келінді.
- Шерхан аға мен сені жек көремін. Сені енді аға демеймін.
Шерхан үнсіз бөлмесіне кіріп кетті. Екі оттың ортасында қалды. Жеңгесін қайта алып келсе оның арсыз әрекеттеріне төзуге мәжбүр. Алып келмейін десе анасы мен қарындасының жан күйзелісіне шыдай алар емес. Екі ойлы болып отырғанда ер адамдардың айқайлаған дауысы естілді. Мөлдірдің бір топ аға-інілері баса көктеп кіріп келіп Шерханды аямай тепкілеп, ит терісін басына қаптады. Лаураны күштеп көлікке мінгізіп, немере қызын алып кетулеріне қарсыласқан Әсияны итеріп жерге құлатып жіберді. Басы тасқа соғылып есінен танып қалды. Берік пен Алихан үйге келіп анасы мен ағасы қансырап жатқанын көріп дереу жедел жәрдем шақырды. Екеуінде жедел ауруханаға жеткізді.

Шерханның қабырғасы сынып, орнынан қозғала алмай ауруханада жатты. Есін жиған кезде ең алды мен туыстарын емес полиция қызметкерлерін көрді.
- Сәлеметсіз бе, сіз Шерхан Амангелді ұлы боласыз ба?
- Иә, мен. Бірақ мен ешкімге арызданбаймын.
-Сіздің үстіңізден арыз түсті. Мөлдір Асанқызына күш көрсетіп, жәбірлеп, денсаулығына нұқсан келтіргеніңіз үшін үстіңізден қылмыстық іс қозғалды.
- Не айтып тұрсыз? Оның лас, арсыз әрекеттеріне үнсіз төзуім керек пе? Марқұм ағамның әйелі бола тұра, ағамның атын ластап әр еркектің астында жатқанына көз жұма қарауым керек пе?
- Отбасылық кикілжіңге біз араласа алмаймыз.
-Ал менің мына күйіме не айтасыз. Менің де денсаулығыма зиян келді.
- Менің онда шаруам жоқ. Мен тек өз жүмысымды атқарып жатырмын. Сіз уақытша тергеу изоляторына қамауға алынасыз. Жеңгеңіз арызын үш күн ішінде қайтарып алмаса іс сотқа өтеді.
Шерхан ауруханада, одан кейін тергеу изоляторында қамауда отырды. Қамауда отырғанда анасы кездесуге келді.
- Балам, мен саған сол кезде қой дедім ғой. Неге бұлай жасадың?
- Мен еш бір ісіме өкінбеймін. Оған бұлда аз.
- Оның ағаларының таныс тамырлары көп екенін білесің. Олар сенің түбіңе жетеді. Қырсыға бергенді қой. Мөлдір келін денсаулығын қалпына келтіру үшін өтемақы сұрап отыр. Сұрағанын берсек арызын қайтып алар екен.
- Не, есіңіз дұрыс па? Оған бір тиында бермеңіз. Ал менің намысымның., сіздің көз жасыңыздың өтемін кім өтейді?
- Балам, ағаңнан айырылғаным аз ба? Енді сенен де айырылып қалғым келмейді. Дүние болса бітер.... Бәрі менің кінәм. Мен сенен кешірім сұраймын.

"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан

Жалғасы бар...