Айсара қуаныштан жарылардай болып, үйге асыға кірді. Аттап-пұттап өз бөлмесіне жетті де, есігін жауып, арқасын сүйеп ұзақ тұрды. Көзінде қуаныш, езуінде күлкі. Толқып тұр. Өзінен бір курс жоғары оқитын Ақан есімді жігітті сырттай ұнататын. Бірақ тіс жарып ешкімге айтқан емес. Тіпті сездірмеген де. Университетте көрсе де, жатақханада көрсе де салқын амандасып басын изеп өтетін. Бөлмеге келген соң айнаға қараса екі бетінің оты шығып қызарып кететін. Жанында бір бөлмеде бірге тұратын құрбылары да байқамайтын. Бүгін сол жігіт Айсараны киноға шақырды. Жарайды деп қалай бірден келіскенін өзі де түсінбей қалды. Жүрегі атша тулап дүрсілдеп барады. Қуанышқа орай бүгін болмеде жалғыз өзі екен. Қыздар демалысқа туыстарының үйіне кеткен. Айсара бұл жолы үйіне бармады. Әр барып келуіне біраз қаражат кетеді. Оған шәкіртақысын құртқанша, оны жинап ауылға салып жібергенім дұрыс деп шешкен тұғын.
Енді кешкісін не киемін деген сұрақ мазалап тұр. Шифонерін ашты. Кілең ескі-құсқы киімдер. Сәннен қалған. Оқуға киетін бір түсті классика киімдер. Әйтеуір ақтарып жүріп анасы тігіп берген қызыл гүлді көйлегін тауып алды. Неге екенін қайдам, Айсара осы көйлекті көп кие алмады. Тек бір рет ғана құрбысының туған күніне киді. Мұны кисе барлығының назарын аударамын ба деп қысылады. Бүгін сол көйлекті кигісі келді. Дайындалып жүргенде тез-ақ кешкі уақыт таяп қалды. Бөлмесінің есігі қағылды.
- Қазір, - деп жүре сөйлеп есікті ашты. Қарсы алдында курстасы тұр.
- Сен бүгін бір кездесуге бармақшы екенсің ғой. Ақан деген жігітпен. Бағана көргенмін сыртта. Асығып үйіме кетіп барам, Айсараға айта салшы ренжімесін деді,- деп көздері жымыңдап күліп тұр.
- Аа, мен... Жарайды ендеше, рақмет...
- Ииии тоқта, сұлуқыз. Ақыры киініп дайын отыр екенсіз, менімен саябаққа қыдырып қайтуға қалай қарайсыз?
- Жоқ рақмет,- деді көңілсіз.
- Ойнап айтам. Кәдімгідей көңіл-күйің түсіп кетті ғой сенің.
- Жоқ мен жәй...
- Ойнап айтам деймін. Төменде сені күтіп тұр.
- Рас па?
- Иә. Мен әзілдеген едім.
- Қазір барамын,- деді қайтадан бетіне қан жүгіріп.

Сырт киімін киіп төменге түсті. Есіктің алдында Ақан өзін күтіп тұр екен. Қолында 3 тал шоқ гүлі бар. Күлімдеп қарап тұр. Екеуі амандасты да, жігіт қызға гүлін ұсынды. Ары қарай сыртқы есікке беттеді. Айсараның күні бүгін керемет өтті. Бүкіл бір күннің нүктесін осы кинодағы екі сағат қойып берді. Көздері күлімдеп, ұялшақтап төменге қарай береді. Ал Ақан тым байсалды, сабырлы жігіт. Артық ауыз әңгімесі жоқ. Бұлар кинодан шығып қаланы жаяу аралады. Бірге отырып кешкі ас ішті. Жатақхана жабылатын уақытта келді. Қоштасып бөлмесіне кірді. Айсара бүгін ұйықтамаса керек. Бақыттан басы айналып, төсегіне киімшең құлай кетті. Ақанды ойлап ұзақ жатты. Киімін де ауыстырған жоқ. Сол күйі көзі ілініп, тәтті қиялы түске ілесіп кте берды.
Ертеңіне бір-ақ оянған ол қыздар келіп қалар деп тез-тез киімін ауыстырып, жуынып, таңғы асын ішті. Әлі қуаныштан есеңгіреп жүр.
Осылай уақыт өтіп жатты. Күн өткен сайын Ақан менің Айсараның арасы тым жақындап барады. Қыз-жігіт болып жүргеніне де бір жылға жуықтады. Сөз байласып, үйленетіндерін де шешіп қойды. Осы жылы Ақан оқуын аяқтайды. Жұмысы дайын. Сол үшін осы жылы үйленейік дегенге Айсара көнер емес. Келесі жылы оқуын тәмамдап, дипломын алады. Сол кезде ғана тұрмысқа шығамын де қасарысып тұрып алды. Армандаған күн де келіп Айсара дипломын қолына алды. Ата-анасы келген ауылдан. Барлығы бірге қуанышты атап өтті. Бір оқпен екеі қоянды атпақшы болып ата-анасымен Ақанды таныстырды. Ақан сол мезетте-ақ Айсараға үйленгісі келетінін айтып ата-анасынан рұқсат сұрады.
- Үйлену оңай шаруа емес. Ата-анаң үйімізге келсін,- деп Айсараның әкесі бірден рұқсат бере салмай, құда түсіп келуін айтты. Айсара қалада қалып жұмыс жасағысы келіп еді әкесі ауылға алып кетті. Әкесінің сөзінен аса алмай, үнсіз бірге ілесіп кете барды. Ақанмен телефонда сөйлесіп тұрамыз деп қоштасты. Айсара кеткен соң Ақанның мазасы кетіп, қолы тірлікке бармай, қайта-қайта қоңырау шалып Айсараға тыныштық бермейтін болды. Айсара да Ақанға әбден үйреніп қалған. Бірақ ата-анасының алдында сөйлесуге ұялшақтап, көбіне тұтқаны көтермейді.

Ақан көп өтпей Айсараның үйіне құда түсіп келді. Екеуінің де қуаныштарында шек жоқ. Бақыттан бастары айналып, дастархан басында бір біріне көзінің астымен қарап күлімдеп қояды. Қыз айттырып келген қонақтар кешке дейін отырды. Тойдың күнін белгілеп, бәрін келісіп, ұзатылып баратын болды.
Көптен күткен той да жетті. Қазақи нақышта әдемі қосетек көйлек киген Айсара одан сайын құлпырып шыға келді. Өрілген шашын алдына түсіріп сызылғанда хас сұлудың өзі болды. Оның тәтті қылықтарына тесіле қараған Ақан өзгеден қызғанып, қызғыштай қорыды.
- Сен қыз мына қимылыңмен жалғыз мені емес, жұрттың бәрін естен тандырасың,- деді құлағына сыбырлап.
- Не бопты, оған мен кінәлі емеспін ғой,- деп қалжыңдаған болашақ келіншегі сықылықтай күлді.
Екеуінің сыбырласып тұрғанын анадайдан көріп тұрған Айсараның сіңлісі Жансұлу қастарына келді:
- Оееебоооой, әпкем сызылып, жездем сыбырлап, не айтып жатырсыздар?- деді жездесінің иығынан әлсіз жұдырықтап.
- Кел балдыз. Мына әпкеңді айтам да, сонша сұлу боларсың ба деп жатырмын.
- Иә, сұлулықты үйіп-төгіп алды, маған да қалдырса болады ғой.
- Жоға, сен де сұлусың. Мұндай балдыз тек менде ғана бар,- деді Ақан күліп. Осылай әңгіме етіп тұрғанда той басталды.
Дүркіреп өткен ұзату тойы Ақанның үйіне барып беташарға ұласты. Оның ертеңіне үлкен үйлену тойы белгіленген болатын. Небәрі үш күн ішінде қызды ұзатып алып келіп, құдалық болып, келіннің бетін ашып, үйлену тойын да өткізіп алды. Шаршаулары шығып "үф" деп шүкірлігін айтып демалуда. Тойдың қызықтарын айту таусылар емес. Дастархан басында да жинала қалса тойдың қызықтарын еске түсіріп бір күліп алады.
Айсараның келіндік өмірі басталып та кетті. Жаңа үй, жаңа ортаға үйрену, сіңісе алу оңай емес әрине. Бірақ қыз деген жат жұрттық деп бекер айтпайды, бойжете бастағанынан-ақ олар саналы түрде үйреніседі, мимен дайын болады. Сол үшін де Айсара көп қинала қойған жоқ. Оның үстіне асты-үстіне түсіп отырған күйеуі мен енесі бар. Көп өтпей жаңа ортаға сіңісіп, үйренісіп кетті. Ата-енесін сыйлап, шәйін беріп, жағдайын жасап отырады.

Ақан үйдің үлкені, артында тағы інілері болғандықтан, Айсара екеуі қара шаңырақта ата-ененің қолында 1 жылдай тұрды. Сосын Ақанның жұмысына байланысты Алматыға көшіп, бөлек шықты. Алматыға келген соң Айсара да жұмысқа тұрды. Екеулеп жұмыс жасады. Жұмыс істегеніне 5-6 ай болғанда Айсара аяғы ауырлап, кейін декретке шықты. Көп өтпей тәп-тәтті сүйкімді қызды өмірге әкелді. Екеуінің бақытты күндері жалғаса берді. Қыздарының тәтті иісі мен қылығына тоймай, Ақан кейде жұмысқа да барғысы келмейді. Ондай кезде Айсара сүйреп жүріп есіктен шығарады.
-Бол енді, кешігесің. Бола қойшы папасы.
- Сәл жатайыншы қызымның жанында. Кішкентай ғана. Кешке дейін қызымды сағынамын ғой мен, - деп қиылады.
- Кешке келгенде өзің жаныңа алып жатасың бопты. Ал енді жұмысыңа бар, - деп қуғандай қылып есіктен шығарып жібереді. Кешке асығып келіп баяғы әдетіне басады. Қызының жанына жатып алып өзімен- өзі сөйлеп жатады. Кішкентай қолдарынан ұстап, сүйеді. Ақан отбасымен өте бақытты еді. Ата-анасы да келіп тұрады. Қайын жұрты да келіп кетеді. Өмірлері бір сарында өтіп жатты.
Бір күні Айсара азық-түлік алуға базарға шықты. Ақанға демалыс болғандықтан қызымен бірге үйде қалған болатын. Есіктің қоңырауы шырылдады. Ақан Айсара екен деп кілтіңді ұмыттың ба деп күлімсіреп есікті ашып еді, қарсы алдында балдызы тұр. Ішкиімшең жүрген Ақан сасқалақтап "кіре бер балдыз, кел төрлет" деді де жатын бөлмеге зып берді. Тез-тез киініп қонақ бөлмеге өтті. Балдызы кішкентай жиенін көтеріп орындықта отыр екен. Ұялып жүріп хал-жағдай сұрасты.
- Ауыл-ел аман ба? Үйдегілер қалай? Өзіңнің жағдайың дұрыс па?
- Бәрі жақсы. Үйдегілер тегіс аман-есен. Сәлем деп жіберді. Мен осында Алматыға оқуға түстім. Әпкеме айтып едім ғой, сізге айтпады ма?
- Аа жақсы болған екен. Ол жағын естімедім.
- Солай... Біз де студент атандық. Арман қуып Алматыға келдім.
- Дұрыс жасадың. Мұнда мүмкіндік көп. Болашақ мамандығыңа да, жеке өміріңе де. Біз әпкең екеуміз осында оқып жүріп таныстық емес пе?
- Иә,- деді күлімсіреп балдызы. Ақан шәй қойып, дастархан жайды.

Екеуі шәй ішіп, оны-мұны сөз етіп отырғанда үйге Айсара келді. Сіңлісін көріп қуанып кетті. Бетінен сүйіп, құшақтап жіберер емес.
- Жаным менің, бауырым. Қашан келдің? Неге бүгін келетініңді ескертпедің? Жақсылап күтіп алар едім.
- Жақын арада барам дедім ғой өткен жолы сөйлескенде. Тіпті жездеме де айтпапсыз.
- Ия айтам деп жүр едім. Ұмытып кетіппін. Айтпаған күнде де жездең сені үйге кіргізбей қояр деймісің жаным-ау.
- Сонда да деймін да.
- Папа мамалар қалай?- деп аузы жабылмай сіңлісін сұрақтың астына алды.
Ақан екеуін оңаша қалдырып, жолдастарымен карта ойнап қайтамын деп шығып кетті. Айсара кішкентай қызын бесігіне бөледі де, кешкі астың қамына кірісті. Ет салайын десем кеш боп барады. Ертең асайын. Бүгін жеңіл желпі жасасам ренжімейсің ба, деп сұрады сіңлісінен. Палау істеп Ақан келмей тұрып екеуі тамақтанып алды. Әңгімелері аяқталар емес. Тым кеш болып кеткенін білмей де қалды. Айсара сіңлісіне қонақ бөлмеге төсек салып берді де өз бөлмесіне барды. Ақан қызын құшақтаған күйі ұйықтап кетіпті. Төсекке қисайғаны сол еді көзі ілініп бұлыңғыр сағымның артынан еріп, ары қарай түске ұласып ұйықтап кетті. Ертеңіне Ақан ерте тұрып жұмысқа кетті. Кеше кеш жатты ғой деп Айсараны оятпады. Аяғының ұшымен жүріп жуынып, киініп сыртқа шығып терең дем алды. Апалы-сіңлілер таң ата жатқандықтан түске таяу бір-ақ оянды. Қызын емізу үшін Айсара амал жоқ оянды. Ондай проблемасы жоқ Жансұлу боса түк сезбей ұйықтады.
Осында 2-3күн болып, универмен сөйлесуге кетті. Ақыры арманы орындалып оқуға қабылданды. Бәрінен де оған Айсара қатты қуанды. Себебі сіңлісі жанымда көмекші болатын болды деді. Айсара қанша өтініш жасағанымен, Жансұлу да осында тұруды іштей қалағанымен ата-анасы қарсы болып, жатақханадан орын алды. Әпкеңнің отбасына араласпа. Бөлек, өз өміріңді сүр. Барып тұрасың ғой сағынғаныңда, бірақ жиі-жиі бара берме, деп анасы тыйып тастады.
- Түүүй мам, неге өйтесіз? Жалғыз сіңлім болса. Жаныма жалау болатын болды деп едім, қуанышымды артық көрдіңіз,- деді телефонда Айсара анасына ренжіп.
- Қызым, сендерге не жақсы болса соны айтамын мен. Ренжіме,- деді өктем үнмен. Әңгіме осымен аяқталды. Айсара тағы бірдеңе десе анасынан сөз есітетінін сезді.

Жалғасы бар...
"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан